8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2020 1330 0
Қалалықтар қаперіне

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі, деп жазды ҚазАқпарат.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып, ВАК биылғы 20-21 маусым, демалыс күндеріне, мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:

• сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;

• қоғамдық тамақтану орындары тек даладаәрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;

• қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;

• қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;

• фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;

• 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

2. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:

• қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;

• 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

• медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;

• ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;

• меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;

• жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

• үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);

• халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
147 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»