ДАЙЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗУ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Енді дайын құжаттарды алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгіну міндетті емес. Қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде дайын құжаттарды клиенттің үйіне немесе жұмысына дейін жеткізу қызметі іске қосылды. Оның ішінде 150-ге жуық мемлекеттік қызмет, атап айтқанда: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар.
Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің телефон нөміріне SMS-хабарлама келіп түседі. Хабарламадағы сілтеме арқылы өтінімді толтырса жеткілікті. Құжатты жеткізу мерзімі – 1 жұмыс күні. Қызмет ақылы болып табылады, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.
«Біз клиенттер үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті енгізудеміз. Бұл біздің клиенттеріміздің мемлекеттік қызметтерді алу үшін жұмсайтын қаражаты мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде сервис Орал қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қолжетімді», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.
2021 жылы алғаш рет бұл сервис Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында іске қосылды. Енді барлық аймақтарда да жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу