ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Түймеш Дәрішева мерейлі 60 жасқа толды. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның ішінде ширек ғасырға жуық уақыт бойы студент жастардың тұрақты тәрбиешісіне айналған Түймеш Малбағарқызын облыс әкімі Ғали Есқалиев қабылдады. Ұстаздың мерейтойына орай Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында салтанатты шара ұйымдастырылып, университет ректоры Н.Серғалиев, әр жылдардағы университет түлектері ықылас-лебіздерін жеткізді.
28 қыркүйек – Түймеш Дәрішеваның туған күні. Айтулы күн қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Түймеш Малбағарқызын арнайы қабылдады. Облыс басшысы мерейтой иесін құттықтап, Құрмет грамотасымен марапаттады және мерейтой иесіне өңір жұртшылығы атынан жоғары білікті мамандарды даярлауға және өз кәсібіне адал қызмет етуге көп жылғы жемісті үлесі үшін алғыс айтты.
Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылған «Дәуірдің дара ұстазы» атты мерейлі шарада өңірдің игі жақсылары мен оқу орындарының басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, достары мен шәкірттері мерейтой иесіне өздерінің ыстық ықыластары мен мерекелік ізгі тілектерін жеткізді.
Түймеш Малбағарқызының 36 жылдық еңбек өтілі өзі бітірген университетпен байланысты. Орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, содан кейін мамандық бойынша кандидаттық диссертация қорғады, филология факультеті деканының орынбасары, проректор – бұл кәсіби өсу кезеңдері. 23 жыл бойы Түймеш Малбағарқызы – студент жастардың тұрақты тәрбиешісі. Оның риясыз, мақсатқа ұмтылған еңбегі Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен, көптеген Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен атап өтілді.
Түймеш Малбағарқызының басты мақтанышы – оның шәкірттері мен тәрбиеленушілері. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген түлектер ұстаздарына жылы лебіздері мен құттықтауларын жолдап, бір қатары салтанатты шараның сахнасынан ұстаздарына арнауларын айтып, гүл шоқтарын ұсынды.
«Жайық үні» ЖШС редакця ұжымы атынан Түймеш Малбағарқызын мерейлі жасымен құттықтаймыз.
Деніне саулық, отбасына амандық, ашық аспан, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Жасай беріңіз, Түймеш апай! 🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу