8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2024 11579 0
Дені сау ұлт

Дәрігерге терапевтің жолдамасынсыз бара алады

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізді.

Өзгерістерге сәйкес, наурыз айынан бастап жоспарлы емханаға жатқызу үшін талдаулар тізімін 42 сараптамаға қысқарту, сондай-ақ олардың жарамдылық мерзімін 10 күннен 14 күнге және 1 айдан 3 айға дейін ұзарту жоспарланған.

Сәуір айынан бастап мамандандырылған дәрігерлермен тікелей байланысу тәсілдері жетілдіріледі. Пациент келесі жағдайларда жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз мамандандырылған дәрігерге тікелей бара алады:

– төтенше жағдайлар мен жарақаттар, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;

– шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;

– дерматовенерологиялық профильді аурулар;

– тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауына жазылу;

– онколог пен онкогематологтың қабылдауы;

– диспансерлік есепте тұрған науқастар үшін кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, невропатолог, хирургтың қабылдауына жазылу;

– мамандандырылған маманның тағайындауы бойынша қайталану;

– жастар денсаулық орталықтарындағы мамандардың қабылдауына;

– жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін және басқа да жылжымалы қызметтерді көрсету кезінде.

«Сәуір айынан бастап динамикалық бақылау жүргізу тәртібі мен жалпы тәжірибелік дәрігер мен мамандандырылған дәрігерлердің бірлескен жұмысының алгоритмі қайта қаралады, бұл мультидисциплинарлық көзқарасты қамтамасыз етеді. Осы жұмыс аясында әрбір науқас жеке зерттеудің жиілігі мен көлемі анықталады», – делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
21 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
29 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»