ДҮКЕННЕН КИІМ ҰРЛАНДЫ (видео)
Орал қаласындағы «Арзан» дүкенінен киім ұрлаған азамат ұсталды.

1 шілдеде тәуліктің екінші жартысында Орал қаласы Гагарин көшесіндегі «Арзан» дүкенінің иелері дүкенде ұрлықтың орын алғанын баяндап, полицияға хабарласқан. Киім ұрланғанын дүкен сатушылары сағат 15.40 шамасында байқаған екн. Ұрлық орын алған аймаққа аттанған тәртіп сақшылары «Арзан» сауда дүкеніндегі бейнежазбаны алып қарады. Расында да өзге сатып алушылар киім-кешектер текшеленіп салынған арнайы жәшіктерді аралап керектерін іздеп жатқан шақта айналасындағыларға сездірмей шетке қарай жиналған қызыл түсті спорттық костюмді жанына тығып, дүкеннен шығып кеткен. Бұл көріністердің барлығы бейнетаспаға айдан анық жазылған. Осы сәтте «Арзан» дүкенінің әкімгері 1992 жылғы азаматшаға 7 мың 600 теңге көлемінде шығын келді.
Жедел іздестіру шаралары аясында күдікті деп танылған 1976 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, А. есімді Орал қаласының тұрғыны ұсталды.
Қызыл түсті спорттық костюм дүкен иесіне қайтарылды. Оқиға орнынан бейнежазба алынды. Күдікті тұлға ұрлық жасағанын толықтай мойындады. Күдіктінің бірнеше рет қалта ұрлығымен айналысқаны үшін бұған дейін де заң алдында жауапталғаны белгілі болды.
Бүгінгі күні Орал қ.ПБ ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөліміне сай (ұрлық) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу