COVID-19. ӘЛЕМДЕГІ ЖАҒДАЙ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлемдегі коронавирус жағдай туралы мәліметті жариялады.
Үндістан, Франция, Италия, Түркия, Австрия, Канада, Польша, Германия, Ирландия, Финляндия және Хорватияны қосқанда 20-дан астам мемлекет Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Мұның себебі COVID-19-дың жаңа, «британдық» – N501Y штамының анықталуы.
Мысыр топтасқан жиындарды болдырмау мақсатында барлық мәдени және туристік іс-шараларды, сондай-ақ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кез-келген мерекелік іс-шараларды өткізу тоқтатылды. Сонымен қатар қонақ үйлерде туристер үшін жаңажылдық және рождестволық кештер өткізілмейді.
Австрия 26 желтоқсаннан бастап үшінші локдаунға жабылады. Шұғыл жағдайларды қоспағанда, елде бір ай бойы үйден шығуға тыйым салынады. Дүкендердің жұмысы тоқтатылады (бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын дүкендерден басқа).
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында 23 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін қатаң карантин енгізілмек. Қызметі адамдардың күнделікті өмірі үшін ерекше маңызды ұйымдардың жұмысына ғана рұқсат берілді. Қалада жеке көліктердің қозғалысы да тоқтатылады.
Ресейде пандемия басталғалы COVID-19-дың ең жоғары тәуліктік өсімі тіркелді. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 350 жаңа жағдай тіркелді. Елдегі жалпы аурулар саны 2,9 миллион адамға жетті.
Версия для печати
Пікір үстеу