8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2020 894 0
Дені сау ұлт

COVID-19-БЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫНА 135 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛДЫ – ӘМСҚ

2020 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін Covid-19 профилактикасына, емдеуге және диагностикалауға 135 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. 

 

Коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ Covid-19 таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 154,7 млрд теңге бөлінді.

2020 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ӘМСҚ-135,6 млрд теңге төленді. Шығындардың басым бөлігін, яғни 81,3 млрд теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме құрады.

«Денсаулық сақтау министрлігі орталық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Өз кезегінде Қор коронавирус пен пневмониямен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің уақтылы төлемін жүргізеді. Бұл ретте, осы аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі», – деп хабарлайды ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Наурыздан қыркүйекке дейін провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 24,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, оларда карантиндік оқшаулау және қажет болған жағдайда 240 мыңнан астам адам емделді.

Осы кезеңде инфекциялық стационарларда 72 мың пациент емделді. Covid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды амбулаториялық және стационарлық жағдайда емдеуге барлығы 18,8 млрд теңге жұмсалды.

Үйдегі стационардың медициналық қызметтеріне ақы төлеу үшін 9 млн теңге жұмсалды. Үйде емдеуді өкпе 30% – дан аспаған кезде ауру ағымының жеңіл түрі бар пациенттер алады. Күн сайын учаскелік дәрігерлер олардың жағдайын бағалау үшін қоңырау шалады, кем дегенде үш күнде бір рет бейне кеңес беріледі, қажетті рәсімдер де көрсетіледі. Егер жағдай нашарласа, мысалы, үш-бес күн ішінде температура төмендемесе, тыныс алу және тахикардия жоғарылайды, науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл қызметтер осы жылдың шілде айынан бастап халыққа қолжетімді болды.

Сол кезеңнен бастап мобильді бригадалар жұмысын бастады. Олардың қызметтерін төлеу үшін шілдеден қыркүйекке дейін Қор 1 млрд. теңгеден астам қаражат бағыттады. Емхананың әрбір шақыруы үшін 5400 теңгеден алады, осылайша үш айда 190 мыңнан астам шығу орындалды. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және / немесе медбике, кейде бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар пациентті алғашқы қарап-тексеруді жүргізеді, оның жай-күйінің ауырлық дәрежесін бағалайды, Сovid-19 симптомдары болған кезде ПТР-тестке материал алады, пульсоксиметрия жүргізеді, көрсетілімдері кезінде рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама бере алады, дәрілік заттарды тағайындай алады. Айта кету керек, өңірлерде осындай 3000-нан астам бригада құрылған.

ПТР диагностикасын жүргізуге 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Наурыздан қыркүйекке дейін жүргізілген тестілеу үшін Қор 10,7 млрд теңге төледі. ПТР-тестілеуден еліміздің стационарларында 222 024 қазақстандық, амбулаториялық жағдайда – 708 124 адам өтті.

Медициналық сақтандыру Қоры Қор төлейтін қызметтердің сапасын жоғарлату үшін пациенттер шағымдармен және ұсыныстармен 1406 байланыс орталығына жүгініп, сондай-ақ оларды Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында қалдыра алады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
108 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
328 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
814 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1191 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1109 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1551 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2166 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2334 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2340 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2393 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2026 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2875 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2928 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2925 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3504 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3492 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3471 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3632 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»