8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2021 1447 0
Қоғам

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ОТАНДЫҚ ВАКЦИНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

Кеше ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілген QazVac (QazCovid-in) – қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты.

50 мың дозадан тұратын алғашқы партия Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Нұр-Сұлтандағы «СК-Фармация» қоймаларына жеткізіледі.

Қазақстандық вакцинаны әзірлеу біздің мемлекетке коронавирус инфекциясына қарсы өз вакцинасын жасаған әлемдегі бес елдің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұл тек халықтың денсаулығына қатысты мәселе емес, сонымен қатар отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикаға заманауи технологияларды іс жүзінде қолданудың дәлелі, мемлекеттің беделі, – деді Ералы Тоғжанов.

Өткен жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаны әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының қазақстандық вакцинаны өндіруге қатысты барлық тапсырмалары Үкіметтің ерекше бақылауында екенін және вакцинаның бірінші партиясының бүгінгі жөнелтілімі оның іс жүзінде жүзеге асырылғанын куәландыратынын атап өтті.

Осы жылдың 26 ​​сәуірінде халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталады. Мамыр айында келесі партияны – 50 мың доза көлемінде шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар, вакцина өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі, – деді Тоғжанов.

Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген. Оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы күшті иммунитет қалыптастырады. Инактивацияланған вакцинаның артықшылығы – вакцинамен байланысты ауруларды тудырмайды. Сонымен қатар, QazVac вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді, олар тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада да тасымалдана береді.

https://kaz.zakon.kz/5066274-covid-19-a-arsy-otandy-vaktsina-aynalym.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»