«ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР» ЕНДІ «E-GOV MOBILE» ҚОСЫМШАСЫНДА
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары азаматтарға халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметіне жүгінбестен бұрын еGov mobile қосымшасына тіркелуге кеңес береді. Өйткені қазіргі уақытта осы қосымшада мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі қолжетімді.
ХҚО-ға кезекті электрондық түрде алдын ала брондаудан бастап мемлекеттік қызметтер алып қана қоймай, тіпті жеке куәлік, балалардың туу туралы куәлігі сияқты құжаттардың цифрлық түрін алуға болады. Бұл пойызға, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша ұшаққа отырарда, нотариус кеңселерінде, ХҚО-ның кеңес беру секторларында цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін жасалған.
«Цифрлық құжаттар» сервисінде 10 шақты құжаттың цифрлық көшірмесін алуға болады.
Атап айтқанда:
- жеке куәлік, неке қию туралы куәлік;
- баланың туу туралы куәлігі;
- неке қию туралы куәлік;
- электрондық техникалық паспорт;
- жүргізуші куәлігі;
- Covid-19 ПТР тестілеу нәтижесі;
- диплом, студенттік билет және тағы да басқа.
Cондай-ақ, қазіргі уақытта маңызды саналатын вакцинациялау паспорты да осы еGov mobile қосымшасында. «Азаматтардың мобильді дерекқорында» тіркеуде болсаңыз, денсаулық сақтау мекемесі тарапынан тиісті ақпарат енгізілген бойда, еGov mobile қосымшасының «денсаулық паспорты» сервисінен екпе алғандығыңызды растайтын ақпаратты көруге болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу