CҰРАНЫСТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАРҒА 900-ДЕЙ КОМПЬЮТЕР МЕН НОУТБУК БЕРІЛДІ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова қашықтан оқытуды жүзеге асыру бағытында Орал қаласы бойынша атқарылған дайындық жұмыстарын баяндады.

Қала бойынша мектептерде жалпы 4 322 мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп тарапынан мұғалімдерге 167 компьютер беріліп, қашықтан оқыту үрдісіне көшу үшін техникалық – материалдық жағынан толықтай қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар білім беру бөлімі жанынан педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы тренерінің қатысуымен мектеп басшыларының оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасарларына арналған «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшелігі» тақырыбында вебинар өткізілді.
– Қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлерімен «ZOOM» бағдарламасы арқылы пән мұғалімдеріне арналған қашықтан оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы 40-тан астам бейнеконференциялар мен вебинарлар, оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Қалалық білім беру бөлімі тарапынан қашықтан оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, қашықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмі жасақталды. Алгоритм барлық мектеп мұғалімдеріне таратылып, таныстырылды, – дейді Ақжарқын Мүтиғоллақызы.
Оқушылардың сабақ материалдарына қолжетімділігі де зерделеніп, жұмыстар атқарылған. Білім бөлімі басшысы атап өткендей, Орал қаласы бойынша 50342 оқушы бар. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына, қашықтан оқытуға көшу үшін қосымша сұранысты қажет ететін оқушыларға мектеп тарыпынан 779 компьютер, 116 ноутбук берілген. Сонымен қатар демеушілер арқылы, қамқоршылық кеңестің қолдауымен кейбір жанұяларға интернет өткізілді, планшет, ноутбуктер алынды.
– Қашықтан оқыту кезінде кездесетін проблемалардың бірі ұялы байланыстың кейбір аудандарда сапасының төмендігі болып табылады. Осы мәселені шешу үшін қала әкімдігінде ұялы байланыс өкілдерімен кездесу өткізілді. Кезедсу барысында операторларға осы аудандардағы байланысты жақсарту жөнінде ұсыныс беріліп хат жазылды, – деді қаланың бас ұстазы.
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу