8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Маусым 2020 1471 0
Өзек

«БЫСТРЫЕ ДЕНЬГИ» КАССАСЫНА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

Орал қаласы Полиция басқармасы «Зачаганск» кентіндегі ірі сауда орындарының бірінде  орналасқан «Быстрые деньги» кассасына  қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлады. 

29 мамырда күндізгі сағат 11.50 шамасында бойы шамамен 160-170 см болатын, арық денелі, үстіне қою көк қалың күртеше, қою сұр шалбар, қою жасыл бас киім киген азиат нәсілді белгісіз тұлға қарақшылық шабуыл жасады. Бет жүзін адам танымасын деген оймен тұмшалап, оның үстіне қара маска киіп, киімдерінің жағасын көтеріп алған көрінеді. Ол жан-жағында кісі аз екенін байқап, «Зачаганск» ауданындағы бір ірі сауда орынының 2-қабатында орналасқан «Быстрые деньги» кассасының кассиріне пышақ көрсетіп, қорқытқан. Кассир бойжеткеннің зәресін ұшырып, кассада жиналған 113 мың теңгені және 5 литрлік қауырсын ыдысқа салынған темір монеталардан жиналған 10 мың теңгені, «Айфон» маркалы ұялы телефонның наушнигін сыпырып алып, 2-қабаттан зулай сыртқа шығып кеткен. Есі кеткен кассир полицияға телефон соғып, қарақшылық шабуыл жасалғанын, пышағы жалаңдаған бейтаныс ер адамның кассадағы ақшаны алып қашқанын айтып берген. 1994 жылғы Л. есімді қызметкерге 122 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген еді.

Осы оқиғаның ізін суытпау үшін БҚО ПД мен Орал қ.ПБ және Шаған Пб жауапты тәртіп сақшылары іздестіру шараларын дереу қолға алды. Қарақшылық шабуыл жасалған орыннан бейнежазбалар да алынды. Кәсіби шебер жедел уәкілдер көп кешікпей тапа-тал түсте кассаны тонаған Д. есімді күдіктіні ұстады. Ол 1995 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тұрғыны. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Жедел уәкілдердің алдына келген күдікті кассаны тонағанын, өмір сүру үшін, қаражат керек болғасын осындай қылмысқа, теріс жолға барғанын толықтай мойындады.
Бүгінгі күні күдікті Орал қ.ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар мен бейнетаспа алынды.  Шаған Пб Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөліміне сай қылмыстық іс қозғады, қылмыстық істі тергелуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
105 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»