8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2018 2281 0
Қалалықтар қаперіне

БОРЫШТЫ ӨСІМПҰЛСЫЗ ҚАЙТАР

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Борышты өсімпұлсыз қайтар!» акциясын өткізеді.

Акцияның мерзімі – 2018 жылғы 25 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін.

Мақсатты топ – қарыз алушылар/лизинг алушылар – Қоғам алдында 2018 жылғы 25 қыркүйекке мерзімі өткен берешегі бар жеке және заңды тұлғалар.

Акция шеңберіндегі өтеу қарыз алушы/лизинг алушымен өтелетін қаржыны Қоғамның есептік шотына аудару жолымен өткізілу мүмкін.

Акция өткізудің негізгі талаптатары:

  1. Қарыз алушылар/ лизинг алушылар – Қоғам алдында 2018жылғы 25 қыркүйекке мерзімі өткен берешігі бар заңды тұлғалар, сонымен қатар ЖК, ШҚ, ФШ үшін – мерзімі өткен негізгі борыштың сомасы, мерзімі өткен сыйақының сомасы және мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасының 100% өтеген жағдайда өсімпұл шығарып тасталады.
  2. Қарыз алушы/ лизинг алушы – Қоғам алдында 2018жылғы 25 қыркүйекке мерзімі өткен міндеттемелері бар жеке тұлғалар үшін – мерзімі өткен негізгі борыш сомасы, мерзімі өткен сыйақы сомасы, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасы + төлеу көзінің жеке табыс салығы сомасының 100% өтеген жағдайда өсімпұл шығарып тасталады.

Акция 2015-2017 жылдары өз нәтижесін көрсетті. Аталған мерзімде акция аясында 1 млрд 308 ​​млн. теңгеге мерзімі өткен қарыздар қайтарылып, 110 млн теңгеге айыппұл есептен шығарылды.

Акцияға қатысу үшін облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей қалаларында орналасқан филиалдарына шағымдану қажет.

Анықтамалық ақпарат – 8-8000-80-35-05 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін).

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»