Болат ӨТЕШЕВ, Ақжайық ауданы, Алмалы орта мектебінің ұстазы: «АБАЙДЫ ҚОЛБАЛА ҚЫП БІТІРДІК»
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын Абай әлемін, ойшыл дүниесін терең талдауға құрылған туынды ретінде қабылдадым.

Қазі ргі қоғамда Абай өлеңдері мен афоризмдерін оңды-солды қолданатын болып алғанымыз жасырын емес. Әрине, аузы дуалы, сөзі салмақты абыздарымыз қолданса, сөзіміз жоқ. Бесіктен белі шықпай жатып, ұлы ақынның өмір жайлы толғаныстарын талдауға тырысатын жастарды көргенімде көкірегіме үміттен гөрі қынжылыс көбірек ұялайтынын қайтіп жасырайын?! Шынын айтқанда, ойда да, тойда да «Абайды қолбала қып бітірдік» (Сағынтай Бисенғалиев көкемнің сөзі ғой).
Президент мақаласы осы дабырашыл, науқаншыл үрдіске нүкте қояды деп сенемін. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлы ақынның қазақ қоғамы үшін ғана емес, күллі адамзатқа құнды мұрасын жан-жақты талдап көрсеткені өте құптарлық дүние болды. Өйткені, ақын мұрасын оқып қана қоймай, көңілге тоқып, тірлікте қолданатын уақыт жетті деп білемін. Абыздың 175 жылдығын күллі қазақ болып атсалысып өткізу елдігімізге сын болғалы тұр. Бірлігіміз арта берсін! «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос»… Тағы да хакім Абай…
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу