БЛОКБЕКЕТТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰСЫНЫЛДЫ
11 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Арнайы мониторинг тобы «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласындағы 9 блокбекеттің түнгі жұмысына мониторинг жүргізді.

Аталған жұмыс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік кедергілерді болдырмау және блокбекеттің түнгі қызметін қарау мақсатында жүргізілді.
Мониторинг кезінде Орал қаласының №6 блокбекетінде жарық жүргізілмегені анықталды. Бұл тәуліктің қараңғы кезінде блокпосттан өтетін азаматтар үшін қолайсыздық тудырып, жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін. ТЖ кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды күшейту мақсатында әкімдікке барлық блокбекеттерді облыс әкімдігінің Штабы мен ПД ЖБО тікелей эфирі арқылы байланыстырылған бейнебақылау камераларымен жабдықтау туралы ұсыныс енгізілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу