8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2020 1695 0
Қоғам

«BIRGEMIZ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Birgemiz» қоғамдық қоры түскен қаражат пен аймақтар бойынша көрсетілген көмек туралы барлық ақпарат тұрақты түрде жарияланып отыратын  birgemiz2020.kz ресми сайтын іске қосты. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісі жазды.

Порталды еріктілер тегін жасап берген. Мұнда барлық қайырымдылықтар бөлек бағанда көрсетіледі. Қаражат түскен сайын жаңартылып отырады. Компаниялардың жарналары «Қайырымдылық жасаушылар мен серіктестер» сегментінде көрсетілген. Сонымен қатар жағдайға бейжай қарамайтын қазақстандықтар сайтта көрсетілген деректер бойынша ерікті болуға немесе қаржылық көмек жіберуге өтініш қалдыру мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, ұйымның сайтында әрбір аймақтық қор туралы ақпарат беріледі. Мұнда мұқтаж адамдар өз өңіріндегі қормен тікелей байланысып, сұрақ қоюы үшін жергілікті жердегі жауапты тұлғалар мен олардың байланыс мәліметтері көрсетіледі.

«Біз үшін қор жұмысының ашықтығын көрсету өте маңызды. Сондықтан сайтқа кірушілердің әрбірі бұл жерден банктік үзінді көшірмелерімен бірге ұсынылатын есептерді таба алады. Қиын күндерде отандастарымызды қолдау үшін қайырымалдық жасаған барлық қазақстандықтарға және еліміздің компанияларына алғыс айтамыз», – деді қор төрағасы Руслан Сәкеев.

Еске сала кетейік, «Birgemiz» қоғамдық қоры еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында 2020 жылдың 20 наурызында құрылған еді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
95 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»