8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2019 1541 0
Өзек

БІР ТҮН ІШІНДЕ 9 ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН

Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласы тұрғындары автокөліктерінің қапталдағы айналарын ұрлаған күдіктіні ұстады.

Анықталғандай, 1985 жылғы облыс орталығының тұрғыны бір түн ішінде шетелдік автокөліктердің қапталдағы айналарын шешіп алып, 9 ұрлық жасап үлгерген. Оның қылмыстық әрекетінен «KIA», «Hyundai», «Lexus», «Nissan» және «Toyota» автокөліктерінің иелері жапа шегіп отыр. Күдіктінің ізіне түсуге қылмыс орнынан алынған оның саусақ іздерінің көмегі тиді.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұрланған заттар күдіктінің тұратын мекенжайынан алынып, иелеріне қайтарылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»