8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2021 1474 0
Қоғам

БІРҚАТАР ӨҢІРДЕ ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРМЕЙДІ

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

«Қызыл» аймақтағы өңірлерде демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын:

қоғамдық көліктің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);

білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының; «Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.

Еске салсақ, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/koronavirus-kazakstannyn-11-oniri-kyzyl-aymakta-tur_a3811038

https://www.inform.kz/kz/birkatar-onirde-demalys-zhane-mereke-kunderi-kogamdyk-kolikter-zhurmeydi_a3811424

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»