БІР АПТАДА АУРУШАҢДЫҚ 44,2 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Қаңтар айы басталғалы БҚО-да коронавирустық инфекцияның 1561 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның 992 жағдайы белгілері бар, белгілері жоқ 569 жағдай. Бұл жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер арқылы анықталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев өңірдегі эидемиологиялық ахуал күрделі екенін атап өтті.
Ай басынан бері тіркелген жағдайлардың 45,5 пайызы, яғни 711-і ЖРВИ белгілері бар науқастарды тексеру кезінде анықталған. Инфекция ошақтарын тексеру кезінде байланыста болған 501 адамда, кәсіби мақсатта тексеруден өткен 270 адамда, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидқадағалау мақсатында ПТР тест тапсырған 79 адамда вирустық инфекция табылған. Соңғы тәулікте 104 жағдай тіркелді.
– Соңғы аптада, нақтырақ айтқанда 22-28 қаңтар аралығындағы аурушаңдық алдыңғы аптамен (15-21 қаңтар) салыстырғанда 44.2 пайызға өсіп отыр. Яғни 353-тен 633 жағдайға дейін көтерілді. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші Орал қаласында, Бәйтерек ауданында, және Бөрлі ауданында тіркелді, – деді М.Арыспаев.
Байланыста болған 2040 тұлға зерттеліп, медициналық бақылауға алынған.
Қаңтар айының басынан бері жалпы 53 347 зерттеу жүргізілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу