БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Жақында облыс әкімінің орынбасары, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының кураторы С.Егізбаевтың төрағалығымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске аудан әкімдері, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және ведомствоға бағынысты ұйымдар басшылары бейне-конференц байланысы арқылы қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.Самет қатысушылардың назарын есепшілердің мекеме басшыларының электрондық-цифрлық қолтаңбаларын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдаланудың жиілеп кеткеніне назар аударды, бұл туралы бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі растап отыр. Сонымен қатар, ол бұған ауылдық округтерде интернеттің болмауы, басшыларда ЭЦҚ пайдалану дағдыларының болмауы және мекеменің қаржы-шаруашылық қызметімен айналысқысы келмейтіні себеп екенін атап өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды сапалы жүргізу, ауылдық округтерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру және басшы құрамның компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді. Облыс прокурорының көмекшісі А.Тлеубаев облыстағы осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы таныстырды. Осындай іс-шараны ай сайын өткізу жоспарлануда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу