8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2018 10826 0
Қоғам

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ ЖОҒАРЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспары аясында «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар: ұлттық заңнаманың ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Ғабдушев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, мемлекеттік органдар, қалалық колледждер, облыстық және қалалық мектептер мен бөбекжайлар директорлары қатысты.  Жиын барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы мәлімет беріліп, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заманауи жағдайларда білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мәселелері талқыланды.

 5000 оқушы «Адал ұрпақ» еріктілер клубына мүше

Білім беру саласы бойынша бүгінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында ақпараттық, ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ғабдушев басқарма тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Жыл сайын күнтізбелік оқу жылының басында колледж және мектеп басшыларының және мемлекеттік органдардың қатысуымен білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық заңнамаларға қатысты бірнеше күндік құқықтық жалпы білім беру өткізіледі. Биылғы жылдың бірінші жартысында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың және қала, аудан әкімдері орынбасарларының, білім беру бөлімдері басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселесі талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Онда білім беру саласында орын алған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы бейнероликтар көрсетілді. Ғылыми практикалық білім беру қызметі аясында мектеп директорлары мен мектепке дейінгі ұйым басшыларының қатысуымен екі семинар ұйымдастырылды. 2012 жылдан бастап мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған лекциялар, оқу-тәрбиелеу үдерісі барысында сынып сағаттары, кездесулер, байқаулар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіп  негіздеріне қатысты 193 дискуссиялық практикум, «Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында 199 айлық, оқушылар арасында 201 сурет байқауы, мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты 82 іскерлік ойын, «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының картасы» тақырыбында 63 жобалық байқау, «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты 212 эссе байқауы, «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында 40 бейнеролик байқауы оздырылды. Облыс мектептерінде 403 «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. Оған 5 мыңдай оқушы мүше. 9-11 сыныптар арасындағы «Құқық негіздері» курсында шәкірттер «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңымен танысады. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен колледждер арасында түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы БҚО департаменті, азаматтық қоғам өкілдерінен құралған арнайы мониторингтік топ талапкерлердің колледждерге түсу емтихандарына қатысты. Сондай-ақ олар гранттарды бөлу үдерісін де қадағалады. Қазақстандық патриотизм үлгісін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Ғасыр» қоғамдық ұйымы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментімен бірге ағымдағы жылдың қаңтарында колледж студенттері арасында «Таза сессия» акциясын жүргізді. Сәуір айында мыңдаған студент «Өзіңнен баста!» республикалық акциясына атсалысты, – деді Нұрлан Ғабдушев.

Сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары әр жыл сайын жаңа оқу жылының басында арнаулы бұйрық шығарылып, білім беру ұйымдарында қандай мақсатта болмасын ақша жинауға тыйым салынатынын жеткізді. Бұйрыққа сәйкес, ұйымда жиналған қаржы-қаражат үшін басшы жауапты.

«Platonus» ашықтықты қамтамасыз етеді

Экономикалық жаңғыру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты цифрлы технологиялардың енгізілуімен іске асып келеді. Білім беру жүйесінде 38 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, бүгінгі күні соның 15-і электронды және қағаз түрінде көрсетіледі. Ал 23-і қағаз күйінде ғана. 2017 жылы білім басқармасы қызмет алушыларға 11 мыңдай қызмет ұсынса, биылғы жылдың өткен мерзімінде 8 500 қызмет көрсетілген. Қазіргі уақытта балаларды балабақшаға кезекке қоюдың проактивті қызметі енгізілгені белгілі. Электронды түрде өтетін болғандықтан бұл үдеріс балаларды мектепке дейінгі ұйымға тіркеуде мемлекеттік қызметті ұсынушы мен алушының байланысын болдырмайды. Сондықтан жемқорлық тәуекелі болмайды. Бүгінде Орал қаласы мен Бөрлі ауданында бөбектер осы жүйемен қабылдануда. Жыл соңына дейін жүйені барлық аудандарға енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар биылғы жылы Шыңғырлау ауданының төрт мектебі балаларды электронды түрде қабылдаған. Қаңтар айынын бастап Тасқала ауданындағы төрт білім ұйымы оқушыларды қабылдауды электронды тәртіпте жүргізбек. 2019 жылдан бастап меншік түріне қарамастан, оқушыларды білім ұйымдарына тіркеу құжаттарын қабылдау автоматтандырылған жүйеге көшіріледі. Білім басқармасы басышысын орынбасары Н.Ғабдушевтің баяндауынша, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 32 колледжде «Platonus» ақпараттық жүйесі енгізілген.

– Бұл – техникалық білім беру жүйесін кешенді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ол орталық базаға біріктірілген. Онда қабылдау комиссиясының жұмысы, семестр аралық емтихан, сынақ кітапшасының толтырылуы, үлгерімдікті қалыптастыру, оқу кестесі, топ туралы мәлімет, баға журналы, оқу процесіндегі барлық үдеріс анық көрсетіліп тұрады. «Platonus» ақпараттық жүйесін қолдану оқу үдерісін нәтижелі, оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – деді  Нұрлан Баймұратұлы.

Сонымен қатар Нұрлан Ғабдушев Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі орта білім беретін ұйым жетекшісін тағайындауға қатысты өзгертулер енгізілгенін мәлімдеді. Бұрын конкурсты қалалық немесе аудандық білім беру ұйымдары ғана өткізетін. Жаңа ереже бойынша орта білім беру ұйымдарының басшысы лауазымының бос орнына арналған конкурс 4 кезең бойынша жүргізіледі. Біріншісі – конкурсқа қатысушыға берілетін біліктілік баға, екінші кезеңде үміткер мектептің даму жоспары жобасын қорап,  мектептің қорғаншылық органының келісімін алуы қажет. Үшіншісі – облыстық басқарманың келісімі. Мұнда үміткер Қазақстан Республикасы заңнамасын білуі, психологиялық-педагогика бойынша 120 сұрақтық тестілеуден және әңгімелесуден өтеді. Ал төртіншісі – конкурстың комиссиясымен әңгімелесу. Осылайша, бірнеше кезеңді қамтитын конкурс рәсімі ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Нұрлан Баймұратұлы облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің білім ұйымдарының бюджеті туралы ақпаратты ашық жариялау туралы бастамасын қолдайтынын жеткізді. Қаржылық есеп беру ақшаның мақсатсыз жұмсалуының алдын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетуге кепіл болары анық.

17 жемқорлық фактісі тіркелді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында, әлеуметтік желілер арқылы халықпен кері байланыс орнатқан мемлекеттік органдардың бірі. Агенттіктің облысымыздағы департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш департаменттің парақшаларына бұған дейін мектептердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты сұрақтар, ұсыныстар түскенін жеткізді. Мәселен, тамыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ өкілдері «жасырын тұтынушы» ретінде мектептерде оқушыларды қабылдау рәсімін бақылаған. Оқушыны мектепке тіркеу үшін мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес 3-4 құжат қана талап етілсе, кейбір мектептер 5-6 немесе 9-10 түрлі құжат сұратқаны анықталған. Ал жуырда агенттіктің тапсырмасы бойынша республикада мектеп, балабақша басшылары мен орынбасарларының бұрын сыбайлас жемқорлық жасағанын анықтау мақсатында жүргізген мониторинг нәтижесінде Батыс Қазақстан облысында бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, басшылыққа тағайындалған 5 факті анықталған. Қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде. Екі факті бойынша лауазымға тағайындаған тұлғаға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Еңбек кодексі бойынша мұндай қылмыс жасағандар басшылық лауазымға тағайындалмауы тиіс. Сол себепті жиын қатысушыларына үміткерлерді ұсынуда осы талапты қатаң сақтау ескертілді.

Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы қызметін сыбайлас жемқорлық ұяларын анықтауға және азаматтардың құқын қорғау, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағыттаған. Департаменттің тергеу басқармасының бастығы Ахмет Абакаровтың мәліметінше, жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі білім беру саласы жемқорлық тәуекелі жоғары саналатын салалардың қатарында екенін көрсеткен. Мәселен, 2017 жылы және 2018 жылдың сегіз айында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 195 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. 187 адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілген. Олардың 122 бүгіннің өзінде бас бостандығынан айырылған. Келтірілген шығын 359,3 млн. теңгені құраған. 2016 жылдан бастап бүгінге дейін облысымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте білім саласы қызметкерлері жасаған 17 сыбайлас жемқорлық ісі тіркелген. 16 қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталып, оның 10-ы сотқа жіберілген. 15 адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілген, бүгінгі күні оның тоғызы сотталған.

– Білім саласына әлеуметтік блок ретінде едәуір қаржы бөлінеді. Бюджеттік шығын бойынша бұл сала өңірде бірінші орында. Мәселен, 2017 жылы 65,6 млрд. теңге игерілген. Қазір білім саласын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оған 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 12 млрд.-тан астам қаражат қаралған. Сондықтан білім саласы қызметкерлері қаржының мақсатты игерілуіне жұмыстануы қажет. Бұл қаржының игерілуі ерекше бақылауда. Бұлай ескертуімізге себеп жоқ емес. Өйткені 2017 жылы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интеранаты бухгалтерлерінің бюджет қаржысын жымқыру фактісі тіркелді. Олар жалақысынан бөлек өз есепшоттарына ақша аударып отырған. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысы 3,5 жылдан бас бостандығынан айырылды. Жеке мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік органдарда жұмыс жасау құқықтарынан айырылды. Сондай-ақ Жәнібек ауданындағы сот аудандағы «Алтын ұя» балабақшасының бухгалтерін 6 жылға соттау туралы шешім шығарды. Ол 2015-2017 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың 11 млн.-нын жымқырған деп айыпталды. Қазіргі уақытта сот шешімі айыпталушының кішкентай баласы болғандықтан, бес жылға шегерілді. Жыл сайын мектеп және мектепке дейінгі ұйым директорлары мен бухгалтерлері тарапынан іс жүзінде жұмыс жасамайтын тұлғаларға ақша аударып, бюджет қаржысын ысырап ету жағдайы тыйылмай келеді. Үш жылға жетпейтін уақытта осындай қылмысқа жол берген сегіз білім беру қызметкері жауапқа тартылды. Биылдың өзінде мұндай деректер Теректі, Зеленов аудандарында анықталды, – деген Ахмет Магамедұлы бүгінгі оқушы болашақ маман ретінде  педагогтардан тәлім, өнеге алатынын айтып, ұстаздар қауымын адалдыққа, қызмет бабын асыра пайдаланбауға және ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға шақырды.

Насихат жұмыстарын көтеру қажет

Батыс Қазақстан облысындағы білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлнара Сәрсенғалиеваның айтуынша, білім ошақтарындағы сыбайлас жемқорлық жағдайлары заң талаптарын жете білмегендіктен орын алады. Өйткені сыбайлас жемқорлықтың жасалу механизмдері әр түрлі болуы мүмкін. Мектеп басшыларының өз қызметтік бабын асыра қолдануы, бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, мектепте түрлі себептермен оқушылардан, ата-аналардан ақша жинау, тендерге құжаттары сәйкес келмейтін мердігерлердің қатысуына жол беру білім саласы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы болып табылады. Алайда, заңды білмегендік жауапкершіліктен шектемейді. Сондықтан мемлекеттік қызметтің атына кір келтіретін әрекеттерден әр адам аулақ болғаны жөн.

– Қазіргі қоғамның көпшілігінің мақсаты – материалдық пайда табу. Олар қолдарында тұрғанды қоныштарынан басу арқылы әл-ауқатын жақсартуды қалайды. Сондықтан бірінші кезекте адамдардың сана-сезімін, мінез-құлқын өзгерту қажет. Халықтың құқықтық саналарын көтеру мақсатында құқықтық насихат жұмыстарын әлсіретпей, жоғары деңгейде жалғастырған жөн. Жастарға мектеп және жоғары оқу орындары қабырғасында біліммен қоса дұрыс тәрбие беріп, имандылыққа, адалдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни себептері мен шарттарына ықпал жасау екенін ескерген жөн. Сыбайлас жемқорлық күрестерінің басты әдістерінің бірі – қызметтерді автоматтандыру. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресте балаларды мектепке оқуға қабылдау, үйірмелерге тіркеуді автоматтандыруға ерекше үміт артылады. Алдағы уақытта олимпиаданы өткізу сұрақтары, 1-сыныпқа оқуға қабылдау, мектепке жұмысқа орналасу, аттестациялау – автоматтандырылып, ашықтық және нарықтық рәсімдер қамтамасыз етілмек. Қазір бұл жұмыстар қолға алынуда. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі дарынды балаларға арналған мектептерге үміткерлерді қабылдау емтиханын бір ұйымның өткізуін қолға алуда, – деді Гүлнар Ақмырзақызы.

Мемлекеттік қызмет реестеріне сәйкес Батыс Қазақстандағы білім саласын бақылау департаменті екі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл – білім беру қызметін лицензиялау және білім туралы құжаттарға апостиль қою. Гүлнар Сәрсенғалиеваның айтуынша, аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ өтініш беруші мен қызмет көрсетуші арасында тікелей қатынас жойылған. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылған. Өтініштер e-gov порталы арқылы электронды түрде  қабылданады.

Сонымен қатар Гүлнара Сәрсенғалиева мектептердегі қамқоршылық кеңестері өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отырғанын және көптеген мектептерде қамқоршылық кеңестері қағаз жүзінде ғана «жұмыс жасайтынын» жеткізді.

– Қазіргі уақытта білім саласында сыбайлас жемқорлықпен нормативтік-құқықтық актілерге өзгерту енгізу жолымен де күрес шаралары қолға алынуда. Мектеп қоғам талаптарына жауап беруі шарт. Ол үшін қоғаммен диалог құрып, шынайы ашық жүйе болуы керек. Осы ретте қамқоршылық кеңес мектеп пен қоғам арасындағы қарым қатынастың құралы болуы қажет. Алайда, бірқатар білім ұйымдарында қамқоршылық кеңестері толықтай өз рөлін атқарып отырған жоқ. Қамқоршылық кеңес заңсыз ақша жинаудың баламасы деп табылса да, әлі де қайырымдылық есепшоттары ашылмаған. Яғни, қайырымдылық қорын құру барысындағы ашықтық пен айқындылық жоқ деген сөз, – дейді Г.Сәрсенғалиева.

2007 жылы бекітілген қамқоршылық кеңес қызметін және оны сайлау үлгілік ережелерінде қамқоршылық кеңестің басты бес қадамы болған болса, 2017 жылы бекітілген білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау үлгілік қағидаларында қамқоршылық кеңестің өкілеттігі 11 тармақтан тұрады. Кеңес материалдық базаны нығайтудан басқа, жас мамандарды тарту, дарынды балаларды қолдау, балаларға білім беру, тәрбиелеу жағдайларын жақсарту, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғау, қоғам назарын сапалы білім беру мәселесіне аударуды қарайды. Қамқоршылық кеңес заңсыз ақша жинаудың баламасы. Қайырымдылық көмек ашық түрде арнайы шотқа түседі және түскен қаржыны бөлуге қамқоршылық кеңес қатысады. Әрі оның мақсатты жұмсалуы жөнінде шешім қабылдайды. Қамқоршылық кеңес өзінің жұмысы үшін мектеп басшысы мен орынбасарынан қажетті ақпараттар алуға, балалардың жағдайын жақсарту, оқушылардың денсаулығын нығайту және тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын бере алады. Қайырымдылық жинаумен айналысатын қайырымдылық және басқа да ұйымдармен ынтымақтасуға, мекеменің қажеттіліктеріне жеке тұлғалардың қайырымдылықтарының мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылау жасай алады.

Сондай-ақ конференцияда физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бағытында оқушылармен жасалған жұмыстары туралы бейнеролигі көрсетіліп, осы бағыттағы мектеп жұмысы таныстырылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
269 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
273 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
410 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
704 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
801 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1041 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1310 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1537 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1574 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1726 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1922 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2145 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2232 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»