8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Маусым 2018 1341 0
Жалын

БЕСАСПАП ДИНАРА

      «Приуралье» газетінің тілшісі Динара Киндербаева тек қарымды журналист қана емес,  он саусағынан өнері тамған ісмер, қолөнер шебері ретінде де көпшілікке жақсы таныс. Үнемі жанындағыларға жайдары көңіл-күй сыйлап, сүрінгенді демеп, жығылғанға қол ұшын созып  жүретін елгезек, алғыр қызды әріптестері де осы қасиеттері үшін жоғары бағалайды.      

  

            Динара Аманғалиқызы Алматы облысында дүниеге келгенімен, Оралда өсті. Анасы 6 жасар қызынан қандай мектепке баратынын сұрағанда, сол кезден-ақ бәрін саралай білген бүлдіршін ойланбастан «орыс тілін онсыз да білемін, қазақ мектебіне барайыншы» деп қасқайып тұрып алыпты. Сөйтіп, бір ауыз қазақ тілін білмейтін ол бірінші сыныпқа отбасы жағдайына байланысты  Қазталов ауданындағы Жалпақтал орта мектебіне барады. Кейін қаладағы №30 орта мектепті тәмамдайды. Мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ ерекше пысықтығымен танылған ол кішкентайынан суретші болуды армандапты. Алайда, жоғары оқу орнына құжаттарын тапсырарда, яғни арманын жүзеге асырар соңғы сәттерде дереу кері шешім қабылдауға тура келіпті. Бұған себеп, сол кездегі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан «Шығыстану» мамандығы бойынша эксперименттік топтың ашылуы еді. Сөйтіп бойжеткен аталмыш университеттен қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі мамандығы бойынша білім алады. Университет бітірген жас маман «енді қайда жұмысқа орналасам» деп жүргенде кездейсоқ теледидардың жүгіртпе жолынан «гуманитарлық білімі бар, қазақ тілі мен әдебиетіне жетік жас мамандар қажет» деген хабарландыруды көзі шалады. Осылайша  «ТДК-42» телеарнасының қазақ редакциясынан бір-ақ шыққан. Кейін «Приуралье» газетіне тілшілікке ауысады. ­– Журналист болу ­–  менің арманым болған емес. Бірақ бұл мамандық мені өзіне баурап алды. «Приуралье» редакциясына жұмысқа келгенімде, «қазақ редакциясынан кейін мұнда жасай аламын ба?» деген көкейде сұрақ тұрды. Бірақ сонда да өз мүмкіндігімді бағамдап, тәуекелге бел будым. Міне, енді алты жылдан бері «Приуралье» газетінде жұмыс істеп келемін.  Бәрі қазақ мектебін, қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, орыс редакциясында жұмыс жасап жүргеніме таңданыспен қарайды.  Бұл жағдайда орыс әдебиетін көп оқығандығымның пайдасы болды деп ойлаймын. Сондай-ақ төменгі және жоғары сыныптағы класс жетекшілерім, орыс тілінен сабақ беретін  Әлімжан Есенов пен Бағира Бәйтенованың осы пәннен олимпиадалар мен конкурстарға жиі қатыстыруы да себеп болды. Осындай білімді жандардың «шекпенінен» шыққан соң болар,  ұлттық дәстүр, мәдени құндылықтар, ел тарихы, мемлекеттік тіл секілді көптеген тақырыптарды кей орыстілді журналистерден жақсы аша аламын, ­– дейді кейіпкеріміз.

Динараның еңбекқорлығы өз алдына бір төбе. Екі-үш жерде қатар жұмыс істеп, жауапкершілік жүгін өзіне көп артатын әріптесіміз бәріне уақыт табады. Негізгі жұмысына қоса қаладағы Төтенше жағдайлар департаментінде БАҚ бойынша жауапты қызметкер, БҚО бойынша республикалық қазақ радиосының меншікті тілшісі, БҚО-дағы жеке спорттық федерацияның пиар-менеджері болса, күні бүгінде  қосымша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы міндетін атқаруда.

– Мен жұмыс орнымды жиі ауыстырамын. Мұны осал қырым деп санамаймын. Әр саладағы жұмыс тәжірибесі адамның жан-жақты дамуына әсер етеді. Әр жерде мені қолдайтын  жақсы жандар бар. Олардың менің рухани  жетілуіме ықпалы зор болды.  Мені көп нәрсеге үйреткен «ТДК-42» телеарнасының бірінші бас редакторы, өңірімізге танымал журналист, қазіргі «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Еркін Карин.  Ал бүгінде білікті  басшы Жантас Сафуллин басқаратын ұжымда жолым болды.  Мұнда белгілі журналистер Ғайсағали Сейтақ, Бауыржан Ғұбайдуллин, Қазыбек Құттымұратұлы, Нұрлыбек Рахманов тағы басқа белгілі журналистермен бірге жұмыс жасай жүріп, тәжірибе жинақтадым. Сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаеваны да ерекше атағым келеді. Өте жігерлі жанның қызметкерлерінің биік шыңдарды бағындыруына дем беріп отыратын қасиетін бағалаймын, ­– дейді Динара.

Талабы таудай тілшінің «Приуралье» газетінде «Путеводитель по Приуралью» тақырыбында авторлық айдары бар. Мұнда қазақстандық туризмді насихаттайтын, өңіріміздің қонақжайлылығын суреттейтін қызықты материалдар жарық көреді. Бұл мақалалар өңір ғалымдарының қызығушылығын тудырып, ғалымдардың журналиске  «Ландшафты Западного Казахстана:  очерки об объектах природного наследия» тақырыбындағы ғылыми монографияның бірлескен авторы болуға ұсыныс білдіргенін де жақсы білеміз. Сондай-ақ Динараның өзгелер байқай бермейтін жаңа қырлары да жетерлік.  Қазіргі таңда ол  Рада Хайрушеваның «Аяулы алақан» қоғамдық бірлестігіндегі жетім балаларға журналистика мектебінен сабақ беріп жүр. Әуесқой фотограф ретінде екі тілде мотивациялық спорттық роликтер түсіріп, монтаждаумен айналысады. Ғаламтор кеңістігінде қазақша роликтердің некен-саяқ екенін ескерсек, бұл тұрғыда оның қазақ тіліне ерекше басымдық беріп отыратыны мақтан етерлік. Аталмыш роликтерден ютуб каналын да жасақтап үлгерді.

– Соңғы уақытта бейнетүсірілім мен монтаж жасауға бет бұрып жүрмін. Инстаграм әлеуметтік желісінде өз бейнеблогым арқылы қалалықтарға қызықты шаралар, қала, аудандарда жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы айтамын. Мақсатым ­– айналадағы жақсы нәрселерді жұртшылыққа жария ету. Бүгінгі қоғам жағымсыз жаңалықтарға көп құлақ түреді, көбісі «диванда» жатып комментатор, сыншы болып алды. Меніңше, кісі өлімі, ұрлық, апатты жағдайлар туралы жазбаларға ел елеңдемеуі керек. Сондықтан, өңірімізде болып жатқан жағымды жаңалықтармен бөлісіп отырамын. Мейлі мұндай жаңалықтар аз пікір тудырсын, оқылымы аз болсын, мен өз бағытымнан жаңылмаймын, ­– дейді жақсылыққа жаны құмар жан.

Өмірдің ағымына қарай бірнеше жерде жұмыс жасап, қол шеберлігімен табыс тауып жүрген талантты тілші мектеп, университет қабырғасында жүргеннен-ақ қосымша қаражат табуға дағдыланыпты. ­ – Оқушы кезімде мамама «жұмыс тауып беріңізші, өзіме ақша табамын» деп қиғылық салатынмын. Алтыншы класты бітіргенімде үш ай каникулда орталық базарға пакет сатуға шықтым. Сол жылы жаңа оқу жылына керек-жарағымды өзім алдым. Әу бастан шаш өруге деген қызығушылығым бар. Институтта Назгүл Қожанбаевамен дос болдым. Белсенді құрбымның сахналық шаш үлгілерін жасай жүріп, тәжірибе жинақтадым.  Студент кезімде негізгі табыс көзім табылып, ата-анамнан ақша сұрамадым. Әдемі шаш үлгілерін жасау хоббиіме айналды, ­– дейді бұл туралы сөз қозғалғанда ол.

Динара көпбалалы отбасында тәрбиеленді. Өзінен үлкен ақылшы апасы, соңынан ерген егіз інісі мен сіңлісі бар. Әкесі Аманғали мұнай-газ саласындағы компанияда инженер, анасы – құрылысшы.  Динараның қолөнерге бейімі анасынан жұғысты болса керек. Қыз бала әкесіне жақын келетіні бар. Өзара әңгіме барысында біз де қайсар қыздың анасынан гөрі әкесіне тым жақын екенін байқадық. Әр жетістігіне қуанып, қолдап, қорғап жүретін арқасүйер әкесіне деген ықыласы ерекше. Журналистер қауымы Динараның ұлы Диярға деген аналық мейірімін, шексіз махаббатын құрметтейді.     – Менің арманым «Жүрегіммен» байланысты. Оның мақсаттарының орындалуы – менің басты арманым, – деген пікірінде ұлына деген ананың шексіз пейілі жатыр. Дияр да анасы секілді өнерлі, әсіресе кішкентай спортшының жетістіктері таңдай қаққызарлық.

Бүгінде Динара заманауи техниканы терең меңгерген, танымал журналистер сапында.  Республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі жарыстардың жеңімпазы. Осындай «сегіз қырлы, бір сырлы» әріптесімізді біз де мақтан тұтамыз.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
80 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
294 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
782 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1159 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1519 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2135 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2302 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2308 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2357 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2361 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2001 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2843 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2896 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2893 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3501 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3472 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3460 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3439 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3600 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3646 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»