БЕЛЕСТЕ АТЫЛҒАН ОҚ
11 тамыз күні Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Белес ауылында оқ атылғаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы, ауданның әкімшілік полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы келіп жетеді. Оқиға барысын анықтау кезінде Орал қаласының төрт тұрғыны табиғатқа демалысқа шыққаны белгілі болды. Олардың бірі өзімен бірге тіркелген аңшылық қаруын ала шыққан. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Олар Орал қаласы мен Бәйтерек ауданы Белес ауылы арасындағы далалық жерге орналасып, екеуі алкоголь ішімдігін іше отырып, шыны ыдыстарды атқан.
Кейін екеуі ішімдікке Белес ауылына кетеді. Дүкеннен шыға бере Белес ауылының екі тұрғынының арасында жанжал туып, келген жігіттердің бірі автокөлігінен қару шығарып, қашып кетеді. Бірнеше уақыттан кейін атылған оқ дауысы естіледі де, Белес ауылының тұрғыны артынан жүгіріп барып, қаруын тартып алады.
Оқ ату кезінде ешкім жапа шекпеген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша материал жинақталып, «Сайга-20» маркілі қару, 2 магазин, 6 оқ тәркіленді. Қару иесіне және оның танысына ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөліміне (Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі, пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату) және 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, қару иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөліміне (Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау тәртібін бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Іс одан әрі қаралып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Бәйтерек ауданының әкімшілік сотына жолданды.
Сондай-ақ, куәгерлерді сұрастыру және Белес ауылының тұрғындарымен сөйлесу кезінде адамдарды ату фактісі расталған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу