БЕКІРЕ АУЛАҒАНДАР СОТТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы прокуратурасы балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруде заңдылықтың сақталуына қажетті қадағалауды қамтамасыз етті. Осы жылы аумақтық инспекция және полиция қызметкерлерімен Жайық өзенінен заңсыз түрде жалпы салмағы 20,4 кг. болатын 25 дана бекіре аулаған 12 тұлға ұсталды.

Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, Алмалы, Ақбұлақ, Жанама, Қарауылтөбе, Шабдаржап ауылдарының бірнеше тұрғыны ау құралдарын пайдаланып, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 39-бабына сәйкес өзендерде бекіре балықтарды аулауға тыйым салу туралы талаптарын бұзған. Ақжайық аудандық сотының үкімдерімен кінәлі тұлғалар балық ресурстарын заңсыз алғаны үшін ҚК-тің 335-бабының 3,4-бөліктерімен айыпты деп танылып, оларға 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, шартты түрдегі жаза және 200 сағат қоғамдық жұмыстар тағайындалды.
Сотталғандардан 10,9 млн. теңге материалдық шығын өндірілді. Алынған балықтар мен транспорттық құралдар мемлекет пайдасына тәркіленді. Ал қылмыс құралы болған ау, шана, күрек және тағы басқалары жойылды.
Сот актілері заңды күшіне енді.
Прокуратура заңсыз бекіре балықтарын аулағаны үшін Қылмыстық кодекстің 335-бабымен қылмыстық жауапкершілік және айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамау, бас бостандығын шектеу және айыру жазалары көрсетілгендігін ескертеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу