8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2019 3384 0
Қоғам

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ ҰЙЫТҚЫСЫ

            Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Келісім және бейбітшілік формуласы: Бірлік және Жаңғыру» атты ХХІІ сессиясы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың төрағалығымен өткен  сессия  жұмысында  Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында берген тапсырмаларынан туындайтын нақты міндеттер айқындалды. Шараға мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, этно-мәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелері, барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары қатысты.   

       

– Былтыр Елбасымыз өңірімізге жұмыс сапарымен келгенде Бөкей ордасы мен Жәнібекке жолды бастаңдар деп тапсырма берген болатын. Міне,  техникалық құжаттары, қаржылық мәселелері шешіліп, конкурс өтті. Жеңімпаз үш компания белгілі болды. Бүгін Бөкей Ордасы мен Жәнібекке жол басталған күн ретінде тарихта қалады. Қазір өңір басшысы Алтай Сейдірұлы күре жолға жауапты компания өкілдерімен бірге қайырлы істің басы­-қасында жүр. Баршаңызға құтты болсын,  –  деп сессия отырысын ашқан Ғабидолла Абдоллаұлы  алдымен  жұртшылыққа жағымды  жаңалықты  жеткізді.

Күн тәртібіне сай баяндама жасаған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғайса Қапақов Ассамблея құрылған күннен бастап елімізде мызғымас бірліктің ұйтқысы, сарқылмас берекенің бастауы болғанын, бұл құрылым еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың басты кепілі екенін атап өтті. – Әр сессияда Тұңғыш Президенттің берген тапсырмалары орындалып келеді. Биылдың өзінде 19 бөлімшеден тұратын 180 шара өткізілді. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында сәуір айында өткен ҚХА-ның 27-ші тарихи сессиясына өңірімізден 36 адам қатысып, жақсы әсер алып келді. Бүгінгі өзгермелі әлемде бір тұрақты іргелі құндылық қоғамның бірлігі мен  ұлтаралық келісім екені сессияда баса айтылды, – дей келіп, Ассамблея мүшелерінің жыл бойы атқарған белсенді  жұмыстарын саралады. Бұдан соң сөз алған ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова: – Бірлігі бекем, мерейлі мекен Ақжайықтың жақсылары мен жайсаңдары. Ел тыныш, басымыз аман болсын деген батамен өскен елміз. Сол батамен арымай, соғыстың өрті қарымай, қиыс қия баспай, білген білім жиғанымызбен, ізгілік шашқан иманымызбен бүгінге жеттік. Біздің еліміз егеменді. Еліміздің бүгіні мен ертеңіне көз жүгіртіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының қол жеткізген жетістіктері туралы мәнді де мағыналы баяндама тыңдадық. Бұдан мен не түйдім. Егемен елдің басты байлығы – тыныштық. Тыныштық деген ырыс-құт. Ырыс-құт деген әрқайсымыздың жүретін жолымыз, пікіріміздің дұрыстығы. Тыныштықты сақтау –әрбір қазақ елінің азаматының парызы мен перзенттік қарызы. Мен соғыс көрген жоқпын. Бірақ менің ата-анам, олардың тұстастары соғыстың зардабын шеккен. Соғыстан кейін қираған елді қалпына келтіруге бел шешіп, еңбек еткен. Бойына өткеннен өнеге өрген, зұлматтың  зардабын  көрген. Мен де солардың көз жасын көргем. Сондықтан да біз осы тыныштықтың бағасын біліп жүрміз бе? Осында отырған жастарды, тұстастарымды азаматшаларды ойлануға шақырамын. Бүгінгі жасалып жатқан жұмыстың шуақ жағын көрмей, кейде көлеңкелі тұстарын көріп шулап жатамыз. Иә, орынды. Әрқайсымыздың жүрегімізді қанағат, шүкіріміз бар. Айтатын пайымды пікіріміз бар. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім сіңіру бағытында ұлтымызды ұлықтап, ұлыстарды құрметтеп, этностардың еңбегін бағалап, күн кешуіміз керек. Осындай жерлерде адал сөзімізді айтып, адамдық жолын көрсетуіміз керек. Сонда ғана бақытты елде бақытты ұрпақ өсіре аламыз. Біз бейбітшілік  туы, берік қолда деп ән шырқадық.  Бүгінгі ұрпақ «Таласқа түссе  ар мен Ту. Жан емес маған керегі, Көк Тудың желбірегені»  деп ән шырқап жатыр. Айналайын жастар, алған білімдеріңізді егемен елдің ертеңі үшін ауызбірлікте, тыныштықта жүзеге асыруға міндеттісіздер. Іргеміз сөгілмесін, ұрпағымыздың көз жасы төгілмесін, – деген игі тілегін жеткізді.

Жиында сөз алған БҚО КХА жас кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, «МонтажТехСервис» ЖШС компаниялар тобының бас директоры Болат Сәрсенов, «Uniserv» ЖШС қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Николай Кондопуло, Ақжайық ауданының қоғамдық медиаторы Құрман Бисеғалиев, қаладағы №21 орта мектептің мұғалімі, «Тіл мұра»  қоғамдық қозғалысының мүшесі Виктория Девяткина, көпбалалы ана Сәбира Еролиева, «Альтаир» ЖШС директоры Сергей Потиченко, «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Мұса, БҚО «ЯИК» фольклор-этнографиялық қазақ орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Игорь Спиридонов, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушысы Азиз Талапов  сөз сөйлеп, сала-сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, бейбітшілік пен татулықтың елімізде мәңгі орнығуын тіледі. Сессия қорытындысында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімі, облыстық Ассамблея мүшелерінің ротациясының шешімі қабылданды. Сессия татулық пен бірлігі жарасқан өңіріміздегі түрлі ұлт өкілдерінің концертіне жалғасты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
124 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
166 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
411 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
893 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1270 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1630 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2246 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2411 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2418 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2469 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2473 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2077 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2953 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3006 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3000 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3615 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3582 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3573 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3549 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3709 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»