БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кеңесі өтті
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, атқарылатын жұмыстарын талқылау мақсатында топ мүшелерінің басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының отырысын өткізді.

Кеңес отырысының жұмысына облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Х.Қапақов, ғылыми-сараптамалық тобының басшысы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.Х.Серғалиев, ғылыми-сарапатама тобының мүшелері мен ҚХА Кафедрасының мүшелері, БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кафедрасының 2019 жылы бірлесе жүзеге асырылатын жұмыс жоспары, 2018 жылғы Қоғамдық келісім кеңестері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілген талдау қорытындысы, Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының этнографиясы бойынша 2018-2019 жылдары жүргізілетін ғылыми зерттеу мәселелері қаралды.
Отырыс барысында ғылыми-сараптама тобының мүшелері барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар айтып, пікір алмасты. Атап айтқанда, ҚХА кафедрасының меңгерушісі М.Өтемісов ат. БҚМУ-дың дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндерінің аға оқытушысы, «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Т.Т.Шайхиев ҒСТ және ҚХА кафедрасының алдағы жұмыс жоспарлары туралы тоқталса, М.Өтемісов ат. БҚМУ-дың әлеуметтанулық зерттеулер орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент П.А.Добряев БҚО қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тиімділігін арттыру бойынша дайындаған ұсыныстары мен ұсынымдарын айтты. Кейін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т.Ерназаров Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының этнографиясы бойынша 2018-2019 жылдары жүргізілетін ғылыми зерттеу туралы баяндама жасады.
Кеңестің қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстарды ескере отырып, 2019 жылға арналған ҒСТ жұмыс жоспарын бекіту, Қоғамдық келісім кеңестері жұмысының тиімділігін зерттеу қорытындысы бойынша дайындалған ұсыныстар мен ұсынымдарды аудан әкімдеріне жолдау, тұрақты негізде ҒСТ мүшелерінің атқарылған іс-шаралары мен басқа да ғылыми жұмыстарын БАҚ беттерінде тұрақты жариялап отыруды ұйымдастыру мәселелері шешілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу