БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ЕЛОРДАҒА ЖІБЕРІЛДІ
Ақ Жайық төрінде Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдасытырылды.

Ел басына күн туған қысылтаяң шақта еліміздегі құлшылық ордалары қайырымдылық шараларын барынша күшейтіп, мұқтаж жандарға мейлінше жақын болуға тырысып келеді. Бұған дейін де ҚМДБ-ның БҚО бойынша қызметкерлері бірнеше мәрте демеуші жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шараларын өткізген болатын. Діни басқарма жұмысының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай бұрынғыдан да баса мән беріліп отыр. Осы орайда БҚО «Орал» орталық мешіті мен Тәжіден Батырұлы атындағы мешіті және Тұлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешітінің қолдауымен азық-түлік тиелген көлікті Елордасы жөнелтті.
«Мүминнің ісіне таңқалмай тұра алмайсың. Оның барлық ісі оған қайыр әкеледі. Мұндай қасиет мүминнен басқа ешкімде жоқ. Егер басына жақсылық келсе, шүкір етеді. Бұл ол үшін бір жақсылық. Ал егер басына қиындық келсе, сабыр етеді. Бұл да ол үшін бір жақсылық» (Имам Бұхари, Мүслим) демекші, қорыта келе баршамызға Пайғамбарды (с.а.у.) сүйсіндірген сабырлы да шүкіршіл мүмин бола білуді баршамызға нәсіп еткей!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу