8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Шілде 2019 1821 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАЙДАНГЕРДІ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

        Батысқазақстандық тәртіп сақшылары Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкідегі милиция подполковнигі Серекешев Сағызбай Есенғалиұлын   95 жасқа толу мерейтойымен құттықтап қайтты. Асқар таудай ақсақалды құттықтауға БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы, Адаев Жайлыбай Келдібайұлы бастаған ардагерлер кеңесі, сондай-ақ, облыс және қалаға қарасты полиция қызметкерлері барып, ардагерге зор денсаулық, қажымас қайрат, балалары, немерелері мен шөберелерінің қуанышына бөленіп, бақытты ғұмыр кешуін тіледі.

 

Мерейтой иесіне бағалы сыйлық табыстап, артынан БҚО ПД қызметкерлерінің орындауында шағын концерт сыйлады.

Сағызбай Есенғалиұлы 1924 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сасық-Өзек ауылында дүниеге келген. 1941-42 жылдары Тайпақ ауданындағы Калмыков орта мектебін бітіріп, Кеңес армиясының қатарына отандық борышын орындауға шақыртылады. Ауданның көптеген жастарымен бірге әскери байланыс училищесіне оқуға түсіп, жылдың соңына қарай қан майданға аттанып кетеді. Жаудың Жәнібек ауданына жақындауына байланысты әскер қатарындағы небәрі жасы он жетілердегі сарбазды соғысқа аттандырады. Бірақ, белгілі себептермен Шкалов (Орынбор) қаласына бір айға, кейін Уфа қаласындағы 23-ші снайферлік атқыштар полкіне курсант болып барады. Көп кешікпей 1-ші Украин фронты майданының 57-полкінің құрамындағы взвод командирінің  көмекшісі етіп тағайындап қояды. Бұл лауазымды игеріп үлгермеген жас сарбаз көп нәрседен бейхабар еді. Бірақ, тырысып жүріп, пысықтық танытып, полкті тік тұрғызады. Сол кезде міндетін жақсы атқарып, аға сержант шенін алып үлгерді.

Украина жерінде Постов, Белый Церковь және көптеген қала-селоларына неміс армиясын босатуға қатысады. Осы кезде «Сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Бұл жерде бөлімге дзот қазған. Тоғайда соғысу майдандастарына да, өзіне де өте ауыр соқты әкелген. Қаншама маңдандастары осы жерде ауыр жараланып, қаза болды. Кейін 6 қарашада осы взвод құрамын түгелдей Киев қаласын босатуға аттандырады. Украина ұрыс майданында алдыңғы қатарда болып, ауыр жараланып, кейін Сталинград қаласындағы госпиталға барып ем алады. Аяғынан  ауыр жарақаттанып, Полтава, Курск, Харковка дала госпиталдарында жатып, ем қабылдайды. Кейін Сібірдегі (сол кездегі Сталинск)  госпиталға апарып жатқызды. 1944 жылдың наурыз айына дейін ем қабылдап, ақыр болмағасын әскерде жарамсыз деп танып, елге аттандырады.

– Елге оралғаннан кейін көп кешікпей Тайпақ аудандық комсомолдар партиясының хатшысы шақырып, осы аудандағы милиция бөліміндегі паспорт столының бастығы болып жұмыс жасауыма ниет білдірді. Бірақ, мен сол кезде әлі райымнан қайтпап едім, қалайда сұрапыл соғыстың кеудесін кері итеруге майдандастарыма барып көмектескім келген еді,- дейді.

1944 жылы Батыс Қазақстан облысындағы НКВД-ға жұмысқа тұрып,  содан 1954-55 жылдары милиция мектебін тәмамдап та үлгерген. Ішкі істер саласын жетік меңгеріп алғаннан кейін, Қаратөбе ауданындағы ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі қызметін атқарады. Сол бір көліктің тапшы уақыттарында іздеуде жүрген қылмыскерлерді жаяу жүріп құрықтаған. Бірде Қаратөбе ауданы Аққозы жұмыс кооперативінің дүкенін белгісіз біреу бұзып кіріп, заттарды алып кеткен. Есеп алған кезде тоқсан бес мың сом ақша жетпеген. Сол кезде көлік жоқ, ұрыны іздеп жүріп он бес күн дегенде ұстаған. Ол қылмыскер сол уақыттарда шет елден жер аударылып келгендердің бірі болып шыққан. Осы ерлігі үшін де Сағызбай Есенғалиұлы алғыс алды. Осы жерде жеті жылдай қызмет атқарып, бірталай тәжірибе жинақтап Жымпиты ауданында да бірнеше жыл жедел уәкілдік қызметті атқарды.

1965 жылы Қаратөбе, Жанбейіт АІІб бастығы қызметінде болып, ішкі істер саласына көптеп еңбек сіңірген. 1966 жылы құрметті еңбек демалысына шығар алдында Қаратөбе аудандық райсоветі бастығының орынбасары болып жұмыс атқарып, он бір жылдай уақыт бойы қылмыскерлермен текетірескен милиция қызметкерлерімен бір ұжым болып еңбектенген. Кейінгі жас мамандарға өткен өмір жолының тәрбиелік мәні де зор болды. Олардың қатарында Маряк Фазылғалиев, Тасқали Қанатқалиев, Қуаныш Мәжитов, Болат Батырғалиев және Мақсот Шағановтар бар. Еңбек еткен жылдары Алматы қаласындағы милиция мектебінде басшы кадрларды даярлайтын курстан өтіп, жоғарғы милиция мектебін де сырттай бітіріп, білімін жетілдіріп алған. Отыз төрт жыл тапжылмай, күш-қайратын ішкі істер саласында қызмет етуге жұмсаған милиция полковнигі 1978 жылы салтанатты демалысқа шығады. Бірақ, еріншектікті жаны сүймейтін тұлға, Қаратөбе аудандық қорғаныс штабының жанындағы кеңестің бастығы және аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы міндетін бірнеше жылдар атқарады. Осы уақыт аралығында ардагерлерге тұрғын үй мәселесіне көмектеседі.  

         Қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысындағы Сағызбай Серекешовтің өмірі жайлы, отау құрған жары Ғалимамен бірге қарсы алған қызықты жылдарын еске алады. Бұл кісіге жас мамандар кеңесуге, ақыл сұрауға жиі келіп отырады. Сағызбай қарттан тараған бір ұл, бір қыздан  жиен-немере сүйіп отыр.

«Сіңірген еңбегі үшін», «1941-1945 ж.ж. ҰОС кезінде Германия түбіндегі жеңісі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медельдарымен марапатталған.

Мерейлі жасқа толған ақсақал құттықтап келген офицерлерге өз ризашылығын білдірді. БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангердің өмірлік жолы бүгінгі күні бейбіт өмірде өз қызметтік жолын қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыспен күреске арнаған  жас буынға үлкен үлгі болары сөзсіз деп атап өтті.

Тәртіп сақшылары ардагерлерді ешқашан назардан тыс қалдырған емес, оларды тек 9 мамыр күні құттықтап қоймай, барлық белгілі мемлекеттік мейрамдарда құттықтап отыруға тырысып келеді. Бүгінде облысымыздағы полиция қатарында соғыс майдангері болып қана қоймай,  ішкі істер органдарында қызмет еткен үш ардагеріміз бар. Тәртіп сақшылары олардың әрқайсысына көңіл бөліп тырысады.

  Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
73 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
144 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
374 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
857 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1235 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1140 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2210 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2375 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2382 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2437 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2055 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2917 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2971 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2965 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3578 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3546 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3537 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3513 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3673 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»