8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2020 1095 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРЛЕРГЕ КОНЦЕРТ ҰСЫНДЫ

Бүгін БҚО Полиция департаментінің вокалды-аспаптар ансамблі Орал қаласында  тұрып жатқан соғыс ардагерлері – отставкадағы милиция аға лейтенанты  Меңжан Әбдрахманов пен оставкадағы подполковник Сағызбай Серекешовты Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтай барып, ардагерлер тұратын үйдің ауласында мерекелік концерт ұсынды.  Полицейлердің өнерін көршілерімен бірге  тамашалаған ардагерлер, сақшыларға ақ тілектерін жаудырды.

Көпқабатты үйлердің  ауласына аспаптарын арқалай келген полицейлер соғыс жылдарында сарбаздарға майдан өмірінің қиыншылықтарын жеңуге көмектескен «Смуглянка», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Огонек», «Журавли», «Бери шинель, пошли домой» және «День Победы» әндерін тарту етті.

Қос ардагер де ішкі істер саласының ардагері екенін атап өткеніміз жөн.

Меңжан Әбдрахманов  1926 жылдың 18 қарашасында БҚО Жымпиты ауданында дүниеге келген. Соғыс кезінде 1943 жылдан бастап Забайкал фронтында 49 запастағы артиллериялық полкінде, 12-мергендік мектепте, 13-оқу автомобиль полкінде курсант болған. 1945-1950 жылдары 52-гвардиялық миномет полкінде, 452-зенит артиллериялық бригадасында жүргізуші болған. 1950 жылдан бастап БҚО Жымпиты аудандық милиция мектебінде милиционер, БҚО Жымпиты, Теректі, Приурал аудандық кеңестерінде жедел уәкіл, учаскелік жедел уәкіл болып қызмет еткен. 1965 жылы Орал облысы еңбекші депутаттарының Приурал аудандық  кеңесі милиция бөлімінің учаскелік жедел уәкілі лауазымынан құрметті демалысқа шыққан. Отставкадағы милиция аға лейтенанты.

Ал  Сағызбай Серекешов 1925 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданының Сасық-Өзек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Жұмысшы-шаруа Қызыл әскерлер қатарына шақырылған. 1943 жылы фронтқа жолданып, бірінші Украина фронтына қатысып, ауыр жарақат алады. 1944 жылы БҚО НКВД-ға жұмысқа орналасқан. 1955 жылдан бастап Қаратөбе, Жымпиты аудандық милиция бөлімдерінде әр түрлі лауазымдарда қызмет етіп, 1966 жылдан бастап құрметті демалысқа шыққанға дейін Қаратөбе аудандық кеңесі атқару комитеті Қаратөбе ІІО бастығының орынбасары лауазымында қызмет еткен. 1978 жылы құрметті демалысқа шыққан. Оставкадағы милиция подполковнигі.

– Украина жеріндегі соғыста ауыр жарақат алдым. Менімен бірге майданға аттанған жолдастарым сол ұрыста көз жұмды. Сол ауыр жарақаттан кейін 77 жыл өмір сүремін деп ойламаған едім. Биыл 95-ке келдім. Немере-шөберелерімнің ортасында отырмын. Бұл тағдырдың маған үлкен сыйы деп білемін. Полиция департаменті қызметкерлері, басқа да сала өкілдері жағдайымды біліп, құрметтерін көрсетуде.  Ризамын. Ел азаматтарының барлығына денсаулық, бақыт тілеймін, Қазақстан Республикасының жарқын келешегі үшін еңбек етулеріңізге тілектеспін,  – деп ардагер Серекешов ақ батасын берді.

Бұл күні майдангерлерге сақшылармен қатар көршілері де сый-құрметтерін көрсетіп, Жеңіс үшін, бүгінгі бейбіт өмір үшін алғыс айтты.

Эльмира  НҰҒМАНОВА, 

автордың суреттері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
81 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
283 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
287 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
744 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
814 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
832 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
854 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
873 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1242 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1369 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1401 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1676 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1688 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1816 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2108 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2207 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»