БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ 81.8 ПАЙЫЗЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ
Бұл туралы бүгін, 29 шілде күні өңірлік коммникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева мәлім етті.
Облыстың педагог қызметкерлері наурыз айынан бастап індетке қарсы вакцина алуды бамтаған болатын. Бүгінге өңірдегі 35 879 білім саласы қызметкерінің 25 182-і, COVID-19-ға қарсы екпе алды.
– Бұл 81,8 пайызды құрайды. Сонымен қатар 4061 қызметкердің,яғни 11,3 пайызының медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ал 1051-і қызметкер, яғни 2,9 пайызы коронавируспен ауырып, екпе алуы кейінге қалдырылғандар. Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін 100 пайыз екпе алуы жоспарлануда, – дейді спикер.
Басқарма басшысы орынбасарының сөзінше, өткен оқу жылының қорытындысындағы мәліметке сәйкес, білім ұйымдарына 388 педагогтың қажеттілігі анықталған. Әсіресе, математика, қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия және тарих пәні мұғалімдеріне қажеттілік бар. Қазіргі уақытта 46 маман жұмысқа қабылданған. Мамандарды қабылдау тамыз айының соңына дейін жүргізілетін болады. Жас мамандарды қабылдау ағымдағы жылдың тамыз айынан басталады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу