8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2020 1621 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР КОРОНАВИРУСКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ 10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛДІ  

Бүгінде әлем жұртшылығын ауыр жағдайымен алаңдатып отырған коронавирус біздің елімізге де жетті. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дер кезінде төтенше жағдай жариялап, дертке қарсы күресті күшейту жөнінде бірнеше тапсырмалар берді. Бұл бойынша мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, қарапйым халық та ушығып тұрған дертке дер кезінде тосқауыл болу үшін қатаң тәртіпке бағынуы қажет. Бұл өте маңызды. Дәл осындай қысылтаяң шақта еліміздің жанашыр азаматтары жомарттық танытып, халыққа көмектерін тигізуде.

Солардың бірі – Нұрғазы Сатбаев. Өңірімізге танымал кәсіпкер, «Uniserv» ЖШС бас директоры, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, облытық мәслихат депутаты Нұрғазы Сатбаев Елбасы Үндеуін қолдап, «Біз біргеміз!» акциясы аясында өз қаражаты есебінен арнайы қорға 10 миллион теңге аударды. «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, Н.Сатбаев бұған дейін де бірнеше отбасыға үй салып беріп, қайырымдылығымен танылған азамат. Қиын-қыстау кезеңде халқына көмек көрсетуді өз міндеті санайтын осындай жанашыр ағаларымыздың арқасында біз кез келген сыннан сүрінбей өтетініміз хақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»