8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Наурыз 2021 3172 0
Спорт

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

 Алматы қаласында батуттық гимнастикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күндері батысқазақстандықтар екі алтын, бір күміс, бір қола медаль иеленді. 

Чемпионат 13 наурызда басталды. Оған еліміздің тоғыз аймағынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Батысқазақстандық спортшылардың қатарында 15-16  жас ерекшелігінде  батутта секіруден Алдияр Жұмақұлов, 12 жас ерекшелігінде акробатикалық жолда секіруден  Ислам Кабдоллов чемпион атанса, батутта секіруден Тимур Тынымов күміс жүлдеге, акробатикалық жолда секіруден Әли Алиғазиев  қола жүлдеге ие болды.

Спортшылардың  бапкерлері –  Тарих Карабаев пен Альберт Тлепқалиев.

Жарыс 18 наурыз күні  аяқталады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
349 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
369 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
348 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»