БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОЖҮРГІЗУШІЛЕР ӘДЕМІ НӨМІРЛЕР ҮШІН 88 МЛН. ТЕҢГЕ ЖҰМСАДЫ
Жыл басынан бері «жоғары сұранысқа ие» автокөлік нөмірлерін 329 адам алған. Көлік сатып аларда азаматтар көлікке арнайы мемлекеттік нөмір алуы тиіс. Егер қызмет алушы ерекше нөмірлі көліктің тізгінін ұстағысы келсе, онда құны қымбаттау тұратын «жоғары сұранысқа ие» нөмірлердің бірін алуына болады.
Әдеттегі қарапайым нөмірдің құны – 2,8 АЕК, яғни 8 168 теңге. Сұранысқа ие нөмірлер құны жағынан алты санатқа бөлінеді. 777, 007, ААА немесе ZKO сынды түрлі цифрлық белгілер арасындағы «әдемі» нөмірлерге тоқталсақ, ең төменгі құны – 166 269 теңге, ең қымбаты – 831 345 теңге. Мамандандырылған ХҚО-ға жүгінген кезде ұсынылған нөмірлердің тізімінен ұнағанын таңдау еркі бар.
Жыл басынан бері Орал қаласы Мамандандырылған ХҚО бөлімінен клиенттер жалпы сомасы 87 850 604 теңгеге «әдемі» нөмірлер алған. Сондай-ақ, «жоғары сұранысқа ие» нөмірлер қатарындағы сандар немесе әріптерді қолдана отырып, өз қалауындағы нөмірге Әкімшілік полиция басқармасына жолығу арқылы тапсырыс беруге болады. Керекті нөмір бос болса, бір айдың ішінде Мамандандырылған бөлімнен келіп ала алады. Көлік құралын сатқан жағдайда клиенттің VIP-номерді өз атына қалдыру құқығы бар. Тек Мамандандырылған бөлімге уақытша тапсыру керек. Сақтау мерзімі – 6 ай, алғашқы айда тегін сақталады, қалған 5 айы үшін бір рет 8 168 теңге төленеді.
Egov порталында көліктің техпаспорты мен мемлекеттік нөмірлерді үйге жеткізу қызметі барын есіңізге саламыз. Автокөлікті онлайн түрде қайта тіркеген соң Мамандандырылған бөлімге барып қажет емес, мамандар құжаттарды бір күннің ішінде жеткізіп береді.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу