8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Сәуір 2020 1218 0
Қалалықтар қаперіне

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗУДЕ

Мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын.

Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық іс-шаралар онлайн негізде жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында бекітілген кестеге сәйкес, Facebook әлеуметтік желісінің Aqjaiyq Adaldyq Alany парақшасында (аккаунтында) облыстың мемлекеттік мекеме басшылары онлайн қабылдаулар жүргізуде.

2020 жылдың 20 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасының басшысы А.М.Тржанова және Батыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сәрсенғалиева онлайн қабылдау жүргізіп, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 22 сәуір күні сағат 15.00-де (жергілікті уақытпен) Facebook әлеуметтік желісінде Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының онлайн қабылдауы жоспарлануда.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
149 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
391 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»