БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНОВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ БЕС АДАМ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бес адам анықталды. Барлығы өңір тұрғындары. Бірінші жағдайда, науқас Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын коронавирустық инфекция анықталған азаматпен бірге келген. Екінші азамат коронавирусқа шалдыққан науқаспен байланыста болған адам ретінде тіркелді. Соңғы 3 жағдай бойынша анықталған науқастар – Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

– Ресеймен шекарадағы «Тасқала» бекетінде СКП қызметкерлерімен сауалнама толтырылып, байланыссыз термометриямен тексеру кезінде екеуінде дене қызуының көтерілуі байқалған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін жедел жәрдем көлігі шақыртылып, карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 5 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Күні бүгінгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 25 адамға жетті.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу