БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті батысқазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!
Бұл – Ұлт көшбасшысының жас мемлекетімізді қалыптастырудағы рөлін ой елегінен өткізіп, өткенге көз жіберетін күн. Тұңғыш Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында Қазақстан бүгінде әлем картасынан өзіндік ерекше орнын алғаны белгілі.
Елбасымыз тәуелсіздіктің елең-алаң шағындағы түрлі қиындықтар мен сынақтарға қарамастан ел-жұртты ортақ мақсат-мүддеге топтастырып, біріктіре білді.
Н.Ә.Назарбаев көптеген мемлекет басшыларымен жақсы қарым-қатынас орнатып, оны сақтап қала білген әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде де тарихта қалары анық.
Елбасымыздың бастамасымен дайындалған өңірлерді дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар өз нәтижелерін беруде. Ескі өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңа зауыттар, үйлер, жолдар салынуда. Су мен газ құбырлары тартылып, шағын және орта бизнес дамуда. Өңірімізде жүзеге асып жатқан басқа да ауқымды жобалар аз емес.
Қадірлі жерлестер!
Осы мерекеде егемен Қазақстанның негізін қалаған Ұлт көшбасшысының еселі еңбегін, көреген жасампаздығына мән беруіміз керек. Халықтың бірлігін, елдің тұрақтылығын сақтау, еңбек ету, өрістеу арқылы мемлекетемізді өркендету жолында алдымызға қойған жаңа мақсаттарымызға жетеріміз анық.
Мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Құрметпен, БҚО әкімі Ғали ЕСҚАЛИЕВ





суреттер БҚО әкімдігінің инстаграмдағы парақшасынан алынды
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу