8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 38 0
Референдум2026

Батыс Қазақстан облысында референдум қалыпты жағдайда өтуде

Батыс Қазақстан облысында референдум қалыпты жағдайда өтуде. Қазіргі сәтте дауыс беру процесі тұрақты ұйымдастырылып жатыр, өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ, комиссияларға мұндай фактілер бойынша актілер түскен жоқ.

Өңірде 23 қоғамдық бірлестік аккредиттелген, олардың 20-сы референдум барысын бақылауға белсенді қатысуда. Бұл азаматтық қоғам белсенділігінің артқанын көрсетеді. Бұрын бір-екі қоғамдық бірлестік қана белсенділік танытса, биыл аудандық деңгейдегі ұйымдардың да белсенділігі айтарлықтай өскені байқалады.

Мәселен, Ақжайық ауданында «Жаңа ғасыр» қоғамдық бірлестігі референдум учаскелеріне 40 байқаушы жіберген. Ал Орал қаласында «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі бақылау жұмыстарына белсенді түрде қатысып отыр.

Сондай-ақ биылғы референдумда жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс бойынша 4089 жас алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдай жасалған. Алғаш рет дауыс беріп отырған жастардың азаматтық қадамына ерекше мән беріліп, оларға естелік сыйлықтар табысталуда.

Мамандардың пікірінше, мұндай шаралар электоралдық мәдениетті арттыруға, жастарды қоғамдық үдерістерге тартуға және олардың сайлау мен сайлану құқығын белсенді жүзеге асыруына оң ықпал етеді.

Жалпы алғанда, өңірде дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде және тыныш жағдайда өтіп жатыр.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
95 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»