БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазіргі уақытта желілерде бүкіл Қазақстан үшін 2022 жылдың 1, 2, 3-тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың шекті мәндерінің бірыңғай тізілімі туралы ақпарат таратылуда. Ақпаратта мынадай үндеулер бар: «Кез келген дүкенге кіріңіздер, бағасы бір теңгеге жоғары болса – әкімдікке қоңырау шалыңыз және дүкенді дереу жабады. Санэпидстанция, монополияға қарсы, статистика келіп, дүкенді бірден жабады. Сатушылардан осы бағаларды талап етіңіз».
Сауда және интеграция министрлігі таратылған ақпарат жалған екенін хабарлайды!
Шекті бағаларды әрбір өңір үшін жергілікті атқарушы органдар жеке белгілейді және олар елдің басқа өңірлерінде қолданылмайды.
Ақпараттық хабарламада көрсетілген бағаларды Алматы облысының әкімдігі өңір бойынша ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің деңгейін жария талқылау үшін ашық көздерде орналастырды.
Шекті мәндер бағалардың ауытқуын мониторингілеу және бақылау үшін бекітілгенін және ӘМАТ-қа нарықтық бағалардың жай-күйін бағалаудың бағдары ретінде қызмет ететінін атап өткен жөн.
Шекті мәннен асқан кезде шекті бөлшек сауда бағалары енгізіледі, оларды сақтамау әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу