8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2020 1591 0
Қалалықтар қаперіне

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТТАР ӘКІМШІСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  жанындағы  соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты)  басшысы  Н.Ахметзакировтың 14 қазан 2020  жылғы өкімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары лауазымына Қадесов Олжас Тұрланұлы тағайындалды. Бұл туралы Батыс Қазақстан сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов жаңадан тағайындалған соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Олжас Қадесовты облыстық сот ұжымына таныстырды.

Қадесов Олжас Тұрланұлы 1993 жылы 28 қаңтарында Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2014 жылы Экономика және құқық академиясын бітірген.

2012 жылдан бастап сот саласында түрлі қызмет атқарып келеді. Осы кезең аралығында Орал қалалық сотда жетекші, бас маман, сот отырысының хатшысы, БҚО бойынша соттар Әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Теректі аудандық соты мен Орал қаласының әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі болып қызмет атқарды.

БҚО бойынша Соттар Әкімшісі басшысының орынбасары қызметіне келгенге дейін Орал қаласының Мамандандырылған Тергеу сотының кеңсе меңгерушісі қызметін атқарды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»