БАТЫС ҚАЗАҚСТАНҒА 175 МЕДИЦИНА МАМАНЫ КЕЛЕДІ
Батыс Қазақстан облысында дәрігерлер тапшылығын жою мақсатында жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні кадр мәселесін шешу мақсатында аймаққа шамамен 175 жас маман тартылып отыр.

Қазір 50 студент және 28 резидент еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл медициналық жоғарғы оқу орындарына түсетін көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы мектеп түлектеріне 35 грант бөлінді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрданат Беркінғалидың мәліметінше, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өңірге келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін тұрғын үй, 100 АЕК мөлшерде біржолғы көтермеақы, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жыл сайынғы 0,01 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде бюджеттік несие және облыстық мәслихаттың шешімі бойынша 1 миллион теңгеден берілуде. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 96 маманға жалпы сомасы 16 967,9 мың теңге көтермеақы төленіп, 48 маманға 173 793,5 мың теңге бюджеттік несие берілген.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу