БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Оралдық студенттер Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Темир Масиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым жасады.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облыс көлеміндегі «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз!» акциясы аясында Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры С.Х.Мұхамбеталиевтің бастамасымен колледжіміздің студенттері Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен және бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне орай, Кеңес Одағының батыры Темир Масиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті. Шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Х.А.Сафин, колледж директоры С.Х.Мухамбеталиев, «Ауғанстан Ардагерлерінің Одағы» ҚБ төрағасы О.В.Пимонов, Ауған соғысының ардагері А.Г.Веремин қатысты. ҚР 5517 әскери бөлімінің оркестрінің сүймелдеуімен әскери марштар орындалған шарада сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері және колледжіміздің 1949 жылғы түлегі Х.А.Сафин сұм соғыстың тағдырлы тарихын баяндай отырып, бүгінгі студент- ертеңгі мамандарға қаһарман ерлердің қажырлы даңқына тағзым жасау – елдіктің белгісі екенін айтты. Сондай-ақ, О.В.Пимонов та колледж басшысы мен барша шәкірттерге бұл шараны бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін фашизмге қарсы тұрып, оққа ұшқан майдангерлердің ерлігіне және 922-ші атқыштар полкінің командирі, капитан, бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен Темір Масиннің рухына көрсетілген құрмет ретінде атап өтіп, алғысын бідірді.
Зымыраған уақыттың қанатындағы Жеңістің 75-ші көктемі қарсаңында өткен бұл шара патриоттық рухтарын көтерер студенттерге тәлімді тәрбие бергені сөзсіз.




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу