8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2020 1493 0
Қоғам

БАРЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАЗАРЛАРЫ АШЫЛАДЫ

Барлық азық-түлік базарлары 12 мамырдан бастап ашылады. Тек жұмыс кестесі таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкісағат 16-00-ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл туралы бүгін «Өңірдегі карантин талаптарын жеңілдету шаралары» тақырыбында өткен брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев жеткізді.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, базарлардың барлығы санитарлық, дезинфекциялық талаптарды өте қатаң сақтауы керек. Әсіресе, базарға келушілер маскамен, қолғаппен келуі тиіс, саудагерлер де осы ережені сақтауы керек. – Базар әкімшіліктерінен өз аумағында дезинфекциялық ережелерді мүлтіксіз орындау талап етіледі. Адамдардың саны көп болмауы тиіс. Бұл талаптар алдын ала базар әкімшіліктеріне түсіндірілді. Алгоритмдері бар. Егер мониторингтік топ тексерген кезде осы талаптар сақталмаса, базарларды кері жабуға мәжбүр боламыз, – дейді М.Арыспаев.

Сондай-ақ ертеңнен бастап барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысына кіріседі. Санитарлық, дезинфекциялық ережелер сақталып, кезектегі адамдардың ара қашықтығы ескеріледі. Бес адамнан артық қызмет алушы ішке енбеуі тиіс. Әсіресе, қызметкерлер мен қызмет алушылардың маска, қолғап киюі маңызды.  Бизнес орталықтарының да жұмысына ертеңнен бастап рұқсат берілді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
156 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
396 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»