БАНКОМАТТЫҚ КАРТАҒА ҚОЛ САЛҒАНДАР КӨБЕЙДІ
Биылғы жылдың жеті айында облыс аумағында 175 қалта ұрлығы тіркелген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

31 шілде күні күндізгі уақытта белгісіз біреу қаладағы сауда үйлердің бірінде 1967 жылғы азаматшаның сөмкесінен жасырын түрде «Каспий Голд» банкомат картасын ұрлап кеткен. Қолданылған шаралар барысында 1980 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Сондай-ақ, осыған ұқсас жағдай шілденің 21 күні қаладағы Мұхит көшесінің бойындағы «Береке» дүкенінің жанында орын алған болатын. Белгісіз азамат еркін түрде 50 жасар қала тұрғының сөмкесінен «Халық банкі» банкомат картасын қолды қылып, артынан сол карта арқылы есеп шотынан 11 мың теңге ақшасын шешіп алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1993 жылғы азаматша анықталып, ұсталды. Ұрланған зат тәркіленді.
Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Полицейлер қоғамдық көліктің салонында, базарда, супермаркеттерде азаматтарға өздерімен бірге жүретін заттарына өте мұқият болу керектігін ескертеді. Көпшілік жерлерге кірген кезде сөмкелерін, пакеттерін, басқа да қолға ұстайтын заттарын көзден таса қылмау, киімдерінің қалтасын жауып, ұялы телефон мен ақшаны және басқа да бағалы заттарды киімнің артқы немесе жан қалтаға салмау қажет. Ал банк карточкаларын пин-кодтарымен (карточкаға жазылған немес қағазға жазылған) сақтауға мүлдем болмайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу