Балық аулау кезінде суға батып кеткен
Өкінішке орай, көпшілік азаматтар аталған шараларды ескермей қауіпсіздік ережелерін бұзады: суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде суға түседі, ішімдік ішіп түседі және т.б. осыған орай суға батулар тіркелуде.
Төтенше жағдай 5 шілде күні Жаңақала ауданындағы Жаңаталап ауылына жақын маңдағы Еділсор өзенінде болған. БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкерінің хабарлауынша, балық аулау кезінде 1979 жылғы ер адам суға батып кеткен көрінеді. 7 шілде күні сағат 10.30-да БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері, 1 бірлік техника және 1 жүзу құралының күшімен азаматтың денесін судан алып шықты.
БҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ:
• Қоршау белгісінен әрі жүзімеңіз!
• Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
• Суға шомылған кезде бейнекамераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
• Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
• Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
• Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
• Суда тентектікке жол бермеңіз!
• Жалған дабыл бермеңіз!
Құрметті облыс қонақтар мен тұрғындар! Қауіпсіздік ережелерінің елемуішілігінің кесірінен құрбан болмаңыз!
Пікір үстеу