8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2021 1446 0
Қоғам

БАЛАНЫ БАЛАБАҚША КЕЗЕГІНЕ ҚОЮ ОҢАЙ!

Тамыз – ата-аналар үшін қарбалас уақыт. Балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыратын кезең.⠀ Баланы балабақша кезегіне қою қазір өте оңай – құжаттарды бірнеше платформа арқылы онлайн беруге болады, оның ішінде Egov порталы да бар. Сізге бұл үшін интернетке қосылған гаджет те жеткілікті.⠀

Мұны Egov.kz порталы арқылы қалай жасауға болатындығы туралы нұсқаулық:⠀
1. Порталда авторизациядан өтіңіз, «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» қызметін таңдаңыз⠀
2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз ⠀
3. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ  (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз (МАБ-та міндетті түрде тіркелу керек) ⠀
4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз. ⠀

Өтінімді толтыру кезінде сіз өзіңіздің (ата-ана немесе баланың заңды өкілі) кім екеніңізді көрсетуіңіз қажет. Бұдан кейін кезек түрін, реттік нөмірін, мектепке дейінгі ұйымға жолдама нөмірін, өз өңірін, ауданын/қаласын, мектепке дейінгі мекеменің түрі мен атауын, оқыту тобы мен тілін көрсете отырып, деректерді толтыру қажет болады.⠀
⠀Өтінімге баланың денсаулық паспортының және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканерленген көшірмелерін міндетті түрде тіркеңіз.⠀
⠀Қызмет алу тегін. Қызмет көрсету мерзімі – 30 минут.⠀

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»