04 Сәуір 2019 1759 0
Қалалықтар қаперінеБАЛАЛАРЫНА ЕКПЕ ЖАСАУДАН БАС ТАРТҚАН АТА-АНАЛАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНУЫ МҮМКІН
Қазақстанда балаларына екпе жасаудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салу ұсынылды.

Мұндай норманы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске» енгізу жоспарлап отыр. «Халық денсаулығы туралы жаңа Кодекс аясында біз азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін ынталандыруға бағытталған шаралар кешенін талқылаймыз. (…) Көптеген шара алдын алуға, соның ішінде вакцинациялауға бағытталған. Біз аналар мен балалардың денсаулығына бағытталған шаралар кешенін ұсынуды шештік, атап айтқанда, бұл адамдардың уақтылы есепке тұруын ынталандыру. Сондай-ақ, адамдардың дер кезінде есепке тұрмайтыны, алдын ала тексеруден өтпей, вакцинациядан бас тартатындары үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажет. Бұл ұсыныс талқыланып жатыр», – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2 сәуірде өткен Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов бір екпеден бас тартқаны үшін 25 мың теңгеге айыппұл салуды жоспарлап отырғанын айтты. «Кодекстің жаңа редакциясы аясында өз балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, яғни 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы ұсыныс талқыланып жатыр. Сондай-ақ, екінші мәселе қарастырылып жатыр – ол екпе жасалмаған жағдайда балабақшаларға қабылдамау. Егер ата-аналар өз балаларын жеке немесе діни наным-сенімдері бойынша екпе салдырмаса, онда бұл балалар иммунитеті әлсіз балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Оларды жұқтыруы мүмкін. Бұл кодекстің жаңа редакциясында да талқыланып жатыр», – деп түсіндірді Байғабылов Tengrinews.kz тілшісіне.
Оның айтуынша, екпе күнтізбесі бойынша әр жоспарлы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынады. Бала туғаннан 16 жасқа дейін әр түрлі аурулардан екпе ала алады. Мысалы, қызылшадан, қызамықтан, паротиттен, гепатиттен, туберкулезден. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа редакциясы мемлекеттік органдарда үйлестіріліп жатыр. Еске салайық, 1 сәуірден бастап Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация басталды. Денсаулық сақтау министрлігінде кез келген инфекцияға қарсы вакцинацияға жұмсалатын шығындар осы ауруды емдеу үшін қажетті шығындардан шамамен он есе аз екенін ескертті. Вакцинаны енгізгеннен кейін қорғаныш спецификалық антиденелер (иммуноглобулиндер) пайда болады. Кейбір вакциналар бір реттен-ақ иммунитет жасайды, басқалары қайтадан енгізуге тура келеді.
Жыл сайын Қазақстанда вакцина сатып алуға 27 миллиард теңге бөлінеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
85 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
80 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
82 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
82 0

Кіру
Пікір үстеу