8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2019 2457 0
Жалын

«Балалар Евровидениесі – 2019»: ЕРЖАН ЕКІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Польшада өткен «Балалар Евровидениесінде» өнер көрсетіп, екінші орын иеленді.

 Оралдан шыққан жас талант Польшаның Гливице қаласында өткен «Балалар Евровидениесі 2019» байқауында Қазақстанды таныстырды. Ол сахнаға 10-нөмірмен шығып, «Арманыңнан қалма» («Don’t forsake your dream») әнін орындады.

Жас таланттардың өнерін бағалаған әділқазылардың бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алса,  онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша 79 ұпай жинады. Осылайша, ол жалпы 227 ұпаймен екінші орынды еншіледі. 1-орын 278 ұпай жинаған Польша әншісі Виктория Габорға бұйырды. Ал үшінші орын Испанияның намысын қорғаған Мелани Гарсияға бұйырған.Бір атап өтерлігі, Беларусь, Грузия, Украина, Польша, Сербия, Нидерланды сынды елдер өзінің ең көп 12 балын қазақстандық жас әншіге берген.

Жалпы «Балалар Евровидениесінде» 19 мемлекеттің өнерпаздары бақ сынады.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет бұл беделді ән байқауына 2018 жылы қатысқан. Ол кезде 12 жастағы Данэлия Тулешова «Өзіңе сен» әнін орындап, алтыншы орын иеленген еді.

Ал Ержан Максим «Голос. Дети» музыкалық байқауының алтыншы кезеңінің жеңімпазы ретінде танымал. Ол 2007 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Төрт жасынан бастап ән айтады. Бүгінде жас талант Ресей астанасы Мәскеуде білім алуда.


Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»