8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2020 1516 0
Қоғам

БАЛАЛАР АУЫЛЫНА СПОРТ АЛАҢЫ КЕРЕК

Бүгін таң сәрісімен облыс әкімі Ғали Есқалиев отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. «Аялаған Алақан» қоғамдық қоры ұйымдастырған бас қосу еркін форматта өтіп, балалар өңір басшысын жылы шыраймен қарсы алды. 


Балалар ауылында жайылған дастарханда бірге таңғы ас ішкен өңір басшысы мен балалар арасында емен-жарқын сұқбат орнады. Осыдан 17 жыл бұрын қызметін бастаған балалар ауылы бүгінге дейін 196 тәрбиеленушіні үлкен өмірге аттандырды.
Бүгінде бұл орында тәрбиеленушілердің дені ұл балалар. Ал балалар ауылында спорт алаңдары жоқтың қасы. Ұлт болашағы – дені сау ұрпақ деп білетін мамандар жылы шырайлы кездесуде өңір басшына аталмыш мәселе туралы айтты. Тәрбиелушілер өз армандарымен бөлісті.
Шараны ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің биылғы жылы көп болатынын тілге тиек етті. Кездесу барысында облыс әкімінің атынан балаларға кәдесыйлар табысталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»