БАЛАЛАРҒА СКРИНИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды – Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда балаларды профилактикалық тексеруге 1 136,3 млн теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта медицинада аурудың алдын-алу маңызды. Ағымдағы жылы МӘМС жүйесінде 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруге – шамамен 372,3 млн теңге, мектеп медицинасы шеңберінде профилактикалық тексеруге – 763,9 млн теңге бөлінді.
Балаларға қандай тексерулер жүргізіледі?
Жаңа туған нәрестелерге, ерте жастағы және 6 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізіледі. Бұл баланың есту қабілетінің бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін жаппай стандартталған тексеру. Ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісі – бала өмірінің алғашқы үш күнінде тікелей перзентханада. Екіншісі – өз емханасындағы баланы дамыту кабинеттеріндегі белгілі бір жастағы балаларға жүргізіледі. Бұл жағдайда учаскелік медбике ата-аналармен байланысып, белгіленген мерзімде скринингтен өтуге шақырады.
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының он сегіз жасқа толмаған оқушылары профилактикалық медициналық тексеруден өтеді. Емхана мамандары білім беру ұйымына барып, қарап-тексереді. Егер мектепке дейінгі жастағы балақай балабақшаға бармаса, онда ол тіркелген емханасында алдын ала тексеруден өтеді.
Профилактикалық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.
Дәрігерге дейінгі кезеңде дененің өсуі мен салмағын анықтайды. Бас пен кеуде қуысының көлемін өлшейді (3 жасқа дейін), физикалық және психоәлеуметтік дамуын бағалайды, қан қысымын өлшейді (7 жастан бастап), көру және есту өткірлігін анықтайды, ЭКГ өткізеді, т. б. Екінші кезеңде теріні және бас терісін, шырышты қабықтарды тексереді. Яғни, қалқанша без аймағын тексеріп, пальпациялайды. Кеуде, омыртқа, аяқ-қолдарды тексереді. Тыныс алу, ас қорыту жүйелерін, т.б. тексеру жүргізіледі. Патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда баланы бейінді маманға қосымша тексеруге жібереді.
Мамандандырылған кезеңді бейінді мамандықтардың дәрігерлері жүргізеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу