8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2021 2236 0
Қоғам

БАЛАБАҚШАЛАРҒА РЕВИЗИЯ ЖҮРГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ

«Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген «2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйінің мониторингі» тақырыбындағы зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқан батысқазақстандықтардың 7,7 пайызы балабақшаларда жемқорлыққа тап болғанын көрсеткен. Бұл мәлімет бүгін, 25 қаңтар күні облыс әкімдігінде өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысында айтылды.

 Комиссияда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.Самет Transparency Kazakhstan ұйымымен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің 2020 жылғы мониторингі: тұрғындар мен кәсіпкерлерді әлеуметтік сұрау, «Ашық диалог» порталындағы өтініштерді талдау» тақырыбында жүргізілген зерттеу қорытындысы туралы баяндады. Transparency Kazakhstan сарапшылары қалалардың, облыс және аудан орталықтарының деңгейінде 7200 тұрғын мен 1800 бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына келіп түскен 1 347 шағымды талдады.

Зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылы да, 2020 жылы да сауалнамаға қатысқандардың 7,7 пайызы балабақшаларда жемқорлыққа тап болған. Олардың 76,2 пайызы баласын балабақшаға орналастыру үшін, 7,1 пайызы жұмысқа орналасу үшін, 7,1 пайызы  туындаған мәселені шешу кездерінде деп белгілеген.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет баян еткендей, INDIGO электронды балабақша жүйесіндегі мәліметте Орал қаласында 131 балабақшаға 15896 бала баратыны көрсетілген. Оның 11 164-і мемлекеттік 80 балабақшада тәрбиеленуде. Ал 51 жеке балабақшада 4732 бала қамтылған.

– Кезекте 10671 бала тұр. Ең қызығы 1740 бос орын бар. Қалалық білім беру бөлімінің түсіндіруіне сәйкес, бұл бос орындар балабақша орналасқан ауданда бала саны аз болуынан екен, – деген Нұрдәулет Ілиясұлы балабақшадағы негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті. Бұлар – жұмысқа орналастыру, сыйақы беру, балаларды қабылдау және қызметкерлердің  аттестациялануына қатысты.

– Балақшадағы күзетшілер директордың немесе есепшінің туыстары деген ақпарат бар. Бұл №39, №44, №34 балабақшалар  бойынша түсіп отыр Осы ретте жұмысқа қабылдауды тек жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізуді және зейнет жасындағы азаматтармен еңбек шарттарын тоқтатуды ұсынамыз, – деді Нұрдәулет Сәмет.

Екіншіден, 2020 жылдың қорытындысы бойынша тәрбиешілерге сыйақылар берілген. Орташа 15 мың теңгеден төленіпті. Алайда, кімге қанша бергені туралы жалпыға көрінетін жерлерге орналастырылмаған. Бұл қызметкерлердің арасында әр түрлі пікірлердің туындауына әкеледі. Өйткені кей тәрбишелердің 50 мың немесе одан да көп алғандығы туралы ақпарат бар. Осы жағдай барлық дерлік балабақшада кездескен. Бұл ашықтықтың жоқтығын көрсетеді. Сондықтан мекеме қызметкерлері туралы ақпаратты және үстемеақы, сыйақылар туралы ақпаратты баршаға көрінетін жерге орналастыру ұсынылды. Үшіншіден, Балабақшадағы бала саны 20-25-тен аспауы қажет. Алайда, шын мәнінде орталықтағы балабақшадағы балалар саны 27-28-ге дейін барады, әсіресе қаланың тығыз орналасқан аудандарында. Тізім бойынша 25 бала, қалғандары директор немесе қалалық білім беру бөлімі арқылы балабақшаға келіп жүргендер. Мұндай жағдайлар №10, №3-ші балабақшаларда тіркелген. Аталған мәселе бойынша ревизия жүргізуді және балабақшаларды бейнекамералармен қамтамасыз ету ұсынылды.  Сондай-ақ балабақша қызметкерлері аттестациядан өту үшін әдістемелік құрал шығарады. Оны шығару үшін баспахана қызметіне жүгінеді. Қызметкерлердің айтуынша, тек қалалық білім беру бөлімі айтқан жерлерден ғана шығару қажет екен. Осыған байланысты әдістемелік құралдарды электронды түрде қабылдау қажеттігі ұсынылды.

Департаменттің  мәліметінше, білім беру саласымен қатар  полиция, жер қатынастары, денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында өңірімізде жемқорлық көріністері кең таралған. Жиында әр саладағы проблемалық мәселелер тарқатылып,  кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

Комиссия отырысын қорытындылаған облыс басшысы Ғали Есқалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынған мәселелер бойынша 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жол картасын дайындау үшін жұмысшы тобын құруды ұсынды.

– Жұмыс тобын екі апта ішінде құрып, тиісті Жол картасын әзірлеу қажет. Әрі Жол картасы негізінде Сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша  тиісті мемлекеттік мекеменің  атқарған жұмысын екі ай сайын қадағалап отыру керек. Барлық саладағы мәселе өзекті. Балабақша, емханалар, мемлекеттік колледждерде көптеген мәселелердің бар екені көрініп тұр. Оны шешу – біздің міндетіміз,  – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Жұмыс тобы тиісті басқарма қызметкерлері, қоғамдық белсенділерінен құралмақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
89 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
152 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
388 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
870 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1248 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1148 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1607 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2223 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2388 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2395 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2446 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2451 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2063 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2930 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2984 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2978 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3591 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3559 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3550 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3526 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3686 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»