Балаңыз автокөлікте қалса…
Жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауына байланысты темір-терсектің қатты қызитыны белгілі. Бұл ретте автокөлік те жоғары қауіптіліктің негізгі көзі болып саналады. Ата-аналардың көпшілігі көлігі көзден таса жерде қалса не болуы мүмкін деген сұраққа бас қатырмайды немесе бұл туралы тіпті ойламайды да. Сол себепті күйбең тіршілікпен жүріп, қатты ыстықта балаларын автокөлікке бір немесе бірнеше сағатқа қалдырып кету фактілері жиі кездеседі. Жылдар бойғы практикаға сүйенер болсақ, көптеген балалар көлік ішінде экстремалды температурада қызып кету немесе тоңазу нәтижесінде жарақат алады. Бала қауіпсіздік белдігінен шатасып немесе байқаусызда әйнеккөтергіш түймесін қосқанда көліктің тұтануы немесе соқтығуы мүмкін.

Балаларды көлікке отырғызу және түсіру процесі көлік қозғалысының жауаптылығынан кем емес. Сондықтанда отырғызу-түсіру әрекеттерін жолдың жиегінде жасаған жөн. Егер де балаларды көлікке отырғызу немесе түсіру көліктер көп жүретін бағытта болуы мүмкін деп болжанса, басқа да жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтірмес үшін қауіпсіз жерді таңдау қажет.
Көп жағдайларда «112» шұғыл нөміріне автокөлік салонында баланың қалып қойып, есігін аша алмай отырғандығы жөнінде хабарламамлар түсіп жатады. Жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жөнеліп, көлік есігін ашып, медициналық және моральдық психологиялық көмек көрсетеді.
Аялдамада немесе тұрақта бала аз ғана уақытқа автокөлікте жалғыз қалса мүмкіндігінше істен шығу жүйесі құрылғысын айыра отырып, айдап кетуге қарсы жүйені қосу керек. Бала ойнап отырып барлық батырманы басып оталдыру кілтін бұрап жіберу арқылы кез келген жазатайым оқиғаларға ұшырауы мүмкін.
Қатты ыстық күндері ыстық өтуді болдырмау мақсатында автокөлік салонына тікелей күн көзінен қорғайтын перделер қолданып, терезе әйнектерін 1/3-тен асырмай төмендетіңіз.
Есте сақтаңыз! Сіздің балаңыздың өмірін сақтау өз қолыңызда!
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу